• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 3 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Investing.com Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03.08.2026
in Басты ақпарат

Оқи отырыңыз...

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ 

03.08.2026
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

03.08.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

03.08.2026
  1. Жаһандық сараптамалық Investing.com платформасында Қазақстанға арналған  — «Trust Becomes the New Capital as Kazakhstan Climbs 17 Places in Global Investor Risk Rankings» мақаласы жарық көрді. Оның авторлары Қазақстанның әлемдік рейтингтердегі орнын нығайтып, инвестицияны арттыруға, экономиканы әртараптандырып, іскерлік климатты жақсартуға басымдық беріп жатқанына жоғары баға берген. 

Тұрақты экономикалық өсім, мемлекеттік институттар сапасы және тұрақтылық — Қазақстанның артықшылығы 

 

Тақауда ғана мемлекеттер инвестиция тарту үшін арзан жұмыс күші, салықтық жеңілдіктер және табиғи ресурстарға қолжетімді етумен  бәсекелесетін. Қазіргі тәртіп өзгеше. Бизнес пандемия, геосаяси дағдарыстар, сондай-ақ жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы, технологиялық бәсекенің күшеюінен кейін кеңірек ойлана бастады. Енді инвесторларға күтілетін пайда ғана емес, мемлекеттік институттардың сапасы, экономикалық саясаттың болжамдылығы және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтай алу әлеуеті маңызды.

Сенім жаңа экономикалық капиталға айналды. Қаржы тарту құнына, ірі жобалардың іске қосылу мерзімі, халықаралық компаниялардың жаңа өндіріс ашуға дайындығы және инвестициялық тәуекел деңгейіне әсер ететіні де осылар.  Алдыңғы сатыға басқару сапасы, шешім қабылдау шапшаңдығы және мемлекеттік саясаттың жүйелілігі шығады.

Мақала авторлары мұндай тенденция Орталық Азия аумағынан тыс жерлерде байқалатынын айтып, Сауд Аравиясы, Үндістан, БАӘ мысалға келтірген. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттер шикізаттан шығып, қайта өңдеу, логистика және заманауи өндірісті дамытуға ұмтылып жатыр.  

Қазақстан да заманның жаңа талабына лайық деңгейде бәсекелесе алатын елдер қатарына енген. Жылдың алғашқы жартысында негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 9,6% өсіп, $20 млрд асты, ал жеке инвестиция 21% көбейді.

Бұған қоса Қазақстан Safest Countries for Investors 2026 халықаралық рейтингінде 17 саты жоғарылап, (70-тен 53-ке дейін) Орталық Азия елдері арасында үздік атанды.

Елдің әлеуетін халықаралық қаржы институттары да жоғары бағалап отыр. Халықаралық валюта қоры биыл Қазақстанның экономикалық өсімі 4,6% болатынын, ал Дүниежүзілік банк тұрақты өсімнің келер жылдары да сақталатынын болжайды.  

 

Жаңа буын экономикасы: әртараптандыру Қазақстан ЖІӨ өсуіне сеп

 

Investing.com Қазақстанның экономикасы әртараптанып жатқанын айтады. Бұрын негізгі драйвер тау-кен өндіру секторы болса, қазір қосылған құны жоғары өнімдер өндіретін салалар басты орынға шығып жатыр. Былтыр елдің ЖІӨ 6,5% өсті. Негізгі үлес қайта өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салаларының еншісінде. Бұл тенденция биыл да жалғасып жатыр. Қаңтар—маусым аралығында экономика 4,1% өсті, ал құрылыс саласы 15% артқан. Осындай жоғары көрсеткіштер көлік, логистика және қайта өңдеу саласында сақталды.  

Инвестиция құрылымы да өзгеріп жатыр. Қазір капиталдың негізгі көлемі қайта өңдеу, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс салаларына бағытталады. Инвестор үшін бұл маңызды көрсеткіш. Өйткені, экономикада өсу көзі көп болған сайын, оның жаһандық шикізат құнына тәуелдігі азаяды, сол арқылы сыртқы сынақтарға төзімділігі артады. Бүгінде шикізаттық емес саланы дамыту – экономикалық саясат мәселесі ғана емес, елдің тұрақтылығының көрсеткіші.

Дәл осындай әртараптану ғана ұзақ мерзімді өсім кепілі бола алады, Қазақстанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.

 

 

Саннан сапаға: Қазақстан — инвестиция бойынша өңір көшбасшысы

 

Investing.com сарапшылары Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ең алдымен шикізаттық экономика болғанын айтады. Мұнай, газ, уран және металдың бай қоры елді ірі табиғи ресурстарды жеткізушілердің бірі ретінде танытып, өндіру секторына тұрақты инвестицияны қамтамасыз етіп отырған.

Қазір мемлекет келесі қадамын жасап, инвестициялық моделін кеңейткен.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бар назар инвестиция санына емес, сапасына қойыла бастады. Қайта өңдеуді дамыту, өндірісті жерсіндіру, заманауи технологиялар енгізу және қосылған құны жоғары өнім шығаратын кәсіпорындар құруға басымдық беріледі.  Мәселен, Вьетнам экспорттық өндіріс арқылы бәсекеге қабілетін арттырып жатса,  Малайзия – өндірістік базаны дамытуға, ал Қазақстан өзінің үш артықшылығын алға қойып жатыр.

Бірінші артықшылық: Орталық Азиядағы ең ірі экономика, бұл – инвесторларға қарқынды өсіп келе жатқан өңірлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Екінші артықшылық – Қытай, Ресей, Кавказ және Еуропа арасындағы тиімді географиялық орналасу. Осы арқылы Қазақстан Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың біріне айналып жатыр.

Үшінші артықшылық – жаһандық экономиканың жоғары белгісіздік жағдайында да Қазақстан сақтап отырған макроэкономикалық тұрақтылық.

 

Жүзеге асып жатқан жаңа инвестициялық саясат жекелеген жеңілдіктерден емес, тұтас кешенді қолдау тетіктерінен көрініс тауып отыр. Инвестициялық штаб мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін және әкімшілік кедергілерді жоятын бірыңғай алаң ретінде қызмет атқарады.

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдейді. Инвестициялық келісімдер стратегиялық инвесторларға шарттардың 25 жылға дейін тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 2026 жылдың ортасына дейін осындай 57 келісім жасалған.

Бұл жүйені инвесторлар, кәсіпкерлер және жоғары білікті мамандарға арналған Altyn Visa бағдарламасы толықтырады. Мұндай виза иесі мемлекеттік және қаржылық қызметтерге ел азаматтарымен тең деңгейде қолжеткізе алады, квотасыз және қосымша рұқсатсыз жұмыс істеу құқығына ие болып, жеке мүлкін кедендік бажсыз әкелуге мүмкіндік алады, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру жүйелеріне қол жеткізе алады.

 

Қазір мемлекеттер капитал үшін ғана емес, білім, технология және білікті мамандар  үшін де бәсекелеседі, Қазақстан да бұл бағытта жүйелі түрде дамып жатыр. Инвесторлар тұрақтылықты, жаңа өндірістік мүмкіндіктерді және ұзақ мерзімді әлеуетті көріп, бағамдап отыр.

 

 

 

Рейтингтер үндескенде: инвесторлар Қазақстанға неге сенеді

 

Қазақстан Орталық Азиядағы ірі тікелей шетелдік инвестиция тартушы ел мәртебесін сақтап отыр.  Өңірдегі тікелей шетелдік инвестицияның басым бөлігі бізге тиесілі.

Тәуелсіз халықаралық рейтингтер инвесторлар үшін басты бағдардың бірі саналады. Бұлар елдің экономикалық тұрақтылығын бағамдап, тәуекел деңгейі мен ұзақ мерзімді инвестиция шартын пысықтауға көмектеседі.

Міне, үш бірдей жетекші жаһандық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық мәртебесін нақтылады.

Fitch Ratings – BBB, тұрақты болжам.

●      S&P Global Ratings – BBB, оң болжам.

●      Moody’s – Baa1, оң болжам.

 

Мақала авторларының пайымынша, ірі агенттіктер ұқсас баға берсе, ел экономикасы мен мемлекеттік қаржының тұрақты көрсеткішін айғақтайды. 

Басқа да халықаралық зерттеулер оң динамиканы көрсетіп отыр.

IMD World Competitiveness Ranking рейтингісінде Қазақстан былтырғы көрсеткішін 2023 жылғы 37 орыннан 34 орынға дейін жақсартты. Global Peace Index 2025 бойынша еліміз 61-нші орыннан 56 орынға көтерілді. Бұл халықаралық бизнес үшін ұзақ мерзімді тәуекелдердің азайғанын аңғартады.

Sustainable Development Report бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 67 орынға көтерілді. Бұл индекс экономикалық даму, білім, денсаулық сақтау, экология, мемлекеттік институттар сапасы және халықтың әл-ауқаты сияқты 123 көрсеткішті қамтиды.  Ол бойынша Қазақстан  Түркия, Үндістан, Индонезия, Мексика, Сауд Аравиясы және Оңтүстік Африка сияқты ірі дамушы экономиканы озып отыр.

Авторлар бұл рейтингтердің өз алдына мақсат еместігін алға тартты. Олар елге тәуелсіз баға беруге көмектеседі, инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтады, капитал тарту құнын төмендетіп, халықаралық компаниялардың елде жаңа жобаларды іске қосуға қызығушылығын арттырады.

Заманауи әлемдік экономикада сенім де жеке ресурсқа айналып жатыр. Ол капиталдың қайта кетіп жатқанына және экономиканың қалай қарқынды дамып жатқанына ықпал етеді дейді Investing.com авторлары.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

МЕРИТОКРАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘДІЛДІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

03.08.2026
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі

03.08.2026

Investing.com Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған