• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ұлттық ұлан сержанты әке арманын жүзеге асыру үшін 900 шақырым жүріп өтті.

28.07.2026
in Қоғам
Ұлттық ұлан сержанты әке арманын жүзеге асыру үшін 900 шақырым жүріп өтті.

Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің сержанты Дамир Нағалиев әкесіне берген уәдесін орындау үшін велосипедпен 900 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Бұл сапар – тек спорттық жетістік емес, әке аманатына деген адалдықтың, отбасы құндылығына деген құрметтің және әскери қызметшіге тән табандылықтың жарқын көрінісі.
Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде қызмет ететін сержант Дамир Нағалиев көптен бері әкесінің арманын жүзеге асыруды мақсат еткен. Әкесі кезінде Жетісайдан Сақанға дейін велосипедпен сапар шегуді армандаған, бірақ орындауға мүмкіндік болмаған.
Осы арманды әке аманаты ретінде қабылдаған әскери қызметші еңбек демалысын толықтай осы мақсатқа арнады. Ол Алматы қаласынан Жетісайға дейін 900 шақырымнан астам қашықтықты сегіз күн ішінде велосипедпен еңсерді.
— Әкемді райынан қайтарып алдымен бұл жолдың қаншалықты қиын екенін өзім көріп, білгім келді. Сол себепті ең алдымен өзім жүріп өтуді жөн көрдім. Әкемнен рұқсат алып, демалысқа шығар алдында велосипед сатып алдым. 1 шілде күні түнгі сағат 02:00-де ешқандай дайындықсыз жолға шықтым, — дейді Дамир Нағалиев.
Сапар барысында ұландық жауынгер жауын-шашынға, қатты желге және күрделі асуларға қарамастан діттеген жеріне аман-есен жетті. Ең ұзақ күндік жүрісі – 230 шақырымды құраған.
Дамирдің айтуынша, әскери қызметте қалыптасқан тәртіп, төзімділік пен жауапкершілік, сондай-ақ отбасы мен әріптестерінің қолдауы барлық қиындықты еңсеруге күш берген.
Бұл сапар – тек ұзақ қашықтықты бағындыру емес. Бұл — әке аманатына деген құрметтің, берілген уәдеге адалдықтың және әскери қызметші рухының айқын үлгісі. Осындай өнегелі іс жастарға отансүйгіштік пен отбасылық құндылықтардың маңызын дәріптейді.

Оқи отырыңыз...

900 КИЛОМЕТРОВ НАВСТРЕЧУ МЕЧТЕ ОТЦА

900 КИЛОМЕТРОВ НАВСТРЕЧУ МЕЧТЕ ОТЦА

28.07.2026
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

28.07.2026

БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

27.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

900 КИЛОМЕТРОВ НАВСТРЕЧУ МЕЧТЕ ОТЦА

900 КИЛОМЕТРОВ НАВСТРЕЧУ МЕЧТЕ ОТЦА

28.07.2026
Ұлттық ұлан сержанты әке арманын жүзеге асыру үшін 900 шақырым жүріп өтті.

Ұлттық ұлан сержанты әке арманын жүзеге асыру үшін 900 шақырым жүріп өтті.

28.07.2026
Азаматтық іс жүргізудегі талап арызды қабылдау, тіркеу және статистикалық есептерді жүргізудегі негізгі іс-әрекеттер

Азаматтық іс жүргізудегі талап арызды қабылдау, тіркеу және статистикалық есептерді жүргізудегі негізгі іс-әрекеттер

28.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған