• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 25 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанның аграрлық әлеуетіне қытайлық инвесторлар қызығушылық танытты

24.07.2026
in Басты ақпарат
Түркістанның аграрлық әлеуетіне қытайлық инвесторлар қызығушылық танытты

Түркістан облысы инвестициялық тартымдылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жолы Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлар өңірде мақта шаруашылығын дамыту, егістік алқаптарын игеру және ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу мүмкіндіктерімен танысты.

Оқи отырыңыз...

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АТАУЫ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН НАҚТЫ ІСІ МАҢЫЗДЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АТАУЫ ЕМЕС, АТҚАРАТЫН НАҚТЫ ІСІ МАҢЫЗДЫ

24.09.2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРАДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ 

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРАДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ 

24.09.2026
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы!

Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның берік іргетасы!

24.09.2026

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуге «Silk Road Pastoral Agricultural Development Co., Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері Li Dou және компания басшысы Hu Qiujie қатысты. Кездесу барысында инвесторлар өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті, өндіріс орындарын орналастыру мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы инвесторларды «Тұран» арнайы экономикалық аймағына бастап барып, өндірістік мақсатқа арналған бос жер телімдерін және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтарды таныстырды. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын жобаларға қарастырылған салықтық және кедендік жеңілдіктер, дайын инфрақұрылым мен қолайлы инвестициялық орта туралы кеңінен мәлімет берілді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Сонымен қатар еліміздегі мақта шаруашылығының негізгі орталығы ретінде Қазақстанда өндірілетін мақтаның басым бөлігі дәл осы өңірде өсіріледі. Сондықтан мақта өндірісін дамыту, оны терең өңдеу және агрохимия саласын өркендету өңір экономикасының стратегиялық бағыттарының бірі болып саналады. Бұл – инвесторлар үшін де зор мүмкіндік.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Гүлназ Есетова мұндай бастамалардың өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Түркістан облысы – инвестиция салуға қолайлы әрі аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Мақта шаруашылығы мен оны терең өңдеуге бағытталған жобалар өңір экономикасының өсіміне тың серпін береді. Кәсіпкерлер палатасы инвесторларға жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде қажетті қолдау көрсетіп, мемлекеттік органдармен өзара байланысты үйлестіруге әрдайым дайын. Біз үшін әрбір инвестициялық жоба – жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орны және өңірдің экономикалық дамуына қосылған үлес», – деді Гүлназ Есетова.

Бүгінде Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Шетелдік инвесторлардың қызығушылығы өңірдің халықаралық инвестициялық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Ал мақта өсірумен қатар тыңайтқыш өндірісін жолға қоюға бағытталған жаңа бастама ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып қана қоймай, қосылған құны жоғары өндірістердің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңір экономикасының нығаюына жол ашады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЧП в Актау: государство демонстрирует оперативную реакцию на чрезвычайную ситуацию

25.09.2026
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

25.09.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

25.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған