• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 7 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

16.06.2026
in Қоғам, Мәдениет, Спорт
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтады.
Облыс әкімі Халық ойындарының елдегі бұқаралық спортты дамытудағы маңызына тоқталып, Түркістан облысындағы спорт саласының жетістіктерін атап өтті.
– Қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер! Баршаңызды түркі дүниесінің алтын бесігі, киелі Түркістан төрінде өтіп жатқан VIII Халық ойындарының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз ұлттық рухты ұлықтайтын, салауатты өмір салтын дәріптейтін, бұқаралық спорттың мәртебесін арттыратын үлкен спорт мерекесінің куәсі болып отырмыз. Халқымызда «Тәні саудың – жаны сау» деген қанатты сөз бар. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде жаңа спорт нысандары салынып, спортпен айналысатын азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді. Осы жүйелі саясаттың нәтижесінде Түркістан өңірінде де спорт қарқынды дамуда. Бүгінде облыста 89 мыңнан астам спортшы 62 спорт түрімен тұрақты түрде шұғылданып жүр. Жалпы халықтың 43 пайыздан астамы дене шынықтырумен айналысады. Балалар спортына ерекше көңіл бөлініп, 51 спорт мектебінде 40 мыңға жуық жасөспірім жаттығуда. Биылғы бес айда облыс спортшылары 657 медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың сапына 788 спортшы енді. Азия ойындарына 10 спортшымыз лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар өңірде 20 жаңа спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан өңірі республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге кең мүмкіндік алып отыр. Бүгін шаһарымызда 20 өңірден келген 2300-ден астам ең мықты спортшылар мен жаттықтырушылар бас қосып отыр. Бұл – Халық ойындарының ауқымы мен беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді. Ғасырлар бойы Түркістан Ұлы Жібек жолының бойында халықтарды жақындастырып, мәдениеттерді тоғыстырған қасиетті орталық болған. Бүгінгі Халық ойындары да сол игі дәстүрді жалғастырып, еліміздің барлық өңірлерін бір мақсат пен бір мүдде төңірегіне топтастырып отыр. Бұл дүбірлі сында ең мықты спортшылар анықталады. Сондықтан әрбір қатысушыға әділ бәсеке, жоғары спорттық шеберлік пен жарқын жеңістер тілеймін. VIII Халық ойындары бұқаралық спорттың дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын айтулы мерекеге айналсын! – деді облыс әкімі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, Халық ойындарының елдегі спорт қозғалысын дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.
Салтанатты іс-шарада барлық командалар су үстіндегі ерекше шерумен таныстырылды. Ашылу рәсімі театрландырылған қойылымдармен, этно-фольклорлық композициялармен және танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Халық ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар қатысуда. Спортшылар баскетбол 3х3, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, футзал, асық ату, қол күресі және гір спортынан бақ сынайды. 20 маусымға дейін жалғасатын жарыстардың қорытындысында үздік спортшылар мен командалар анықталады.

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 22,6%-Ы ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА КІМГЕ ДАУЫС БЕРЕТІНІН ӘЛІ АНЫҚТАМАҒАН

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 22,6%-Ы ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА КІМГЕ ДАУЫС БЕРЕТІНІН ӘЛІ АНЫҚТАМАҒАН

07.07.2026
Домбыра үні тербеген күн

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
Домбыра үні тербеген күн

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

Среди студентов Шымкента провели информационную работу по разъяснению Новой Конституции

07.07.2026
Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

07.07.2026

07.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған