• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 30 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Саясат

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

30.06.2026
in Саясат, Экономика
Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

30 маусым күні Астанада «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, АҚШ Сауда палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы – Америка Құрама Штаттары» бизнес-дөңгелек үстелі өтті.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026
ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

30.06.2026
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ӘКІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ӘКІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

29.06.2026

Іс-шара инвестициялар тарту, технологиялар алмасу және бірлескен өндірістерді дамытуға негізделген Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.

Жиынға екі елдің мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының, халықаралық корпорациялардың, қаржы институттарының және сарапшылар қауымының өкілдері қатысып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев және АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараны аша отырып, Қанат Шарлапаев Қазақстан мен АҚШ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуда елеулі жолды жүріп өткенін атап өтті. Оның айтуынша, америкалық компаниялар тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиялық инвесторларының қатарында болып, ұзақ мерзімді әріптестіктің негізін қалаған. Бүгінде екі ел арасындағы өзара іс-қимыл дәстүрлі сауда байланыстарынан асып түсіп, технологиялық кооперация, өндірістерді жергіліктендіру және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру бағытында дамып келеді.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қазақстанның негізгі міндеттердің бірі шетелдік инвесторлар үшін ашық, болжамды және бәсекеге қабілетті реттеуші ортаны қалыптастыру екенін атап өтті. Осы бағытта Үкіметпен бірлесіп салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, рәсімдерді дебюрократияландыру және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қанат Шарлапаев өз сөзінде Қазақстан мен АҚШ үшін өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына ерекше тоқталды. Басым бағыттардың қатарында терең өңдеу өндірістерін құру және бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу арқылы критикалық материалдар мен сирек жер металдарын игеру жобалары, америкалық компанияларды порттық және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға тарту арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында цифрлық экономика, жасанды интеллект және финтех салаларындағы ынтымақтастық аталды.

Агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан америкалық серіктестерге дәлме-дәл егіншілік, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен суару жүйелерінің өндірісін жергіліктендіру бағытындағы бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.

«Біз капитал тартумен ғана шектелмей, заманауи өндірістер құруға, технологиялар трансферіне, инновацияларды дамытуға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыруға мүдделіміз. Қазақстан екі ел үшін де ұзақ мерзімді экономикалық құндылық қалыптастыратын әріптестікті дамытуға ұмтылады», – деді Ұлттық палата басшысы.

Іскерлік бағдарлама аясында Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, ұлттық компаниялардың, халықаралық корпорациялардың және АҚШ-тың ірі компанияларының басшылары инвестициялық ынтымақтастық, энергетика, көлік және логистика, цифрлық трансформация, инфрақұрылымдық жобалар, қаржы секторы және инновациялар мәселелерін талқылады.

Іскерлік сессия барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ҚТЖ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Freedom Holding Corp., BI Group, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті және басқа да жетекші ұйымдардың басшылары сөз сөйледі.

Қатысушылар арасында Shell, Wabtec, Mastercard, Hill International, Chevron, Apple, Honeywell, Lummus Technology, AVEVA, Herbalife, Sheraton Astana Marriott International, Eurasia Group Kazakhstan, Citi, Dynamic Aviation, Global Data Risk, ExxonMobil, Johnson & Johnson Kazakhstan LLP, Plug and Play, Resecurity, Baker Hughes, Viasat, Aretera, Vertiv және басқа да халықаралық компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен ашық пікірталас ерекше қызығушылық тудырды. Пікірталас барысында инвестициялық ахуал, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, экономиканы цифрландыру және Қазақстандағы америкалық бизнестің қатысуын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Іс-шараның маңызды қорытындыларының бірі ретінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен АҚШ Сауда палатасының Америкалық – Қазақстандық іскерлік кеңесі арасында стратегиялық әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және институционалдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Іскерлік дөңгелек үстелге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтар жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, инвестициялар тартуға және инвестициялар, инновациялар, технологиялар алмасу мен жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп қалыптастыруға негізделген Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

Казахстан и США определили новые направления стратегического экономического партнерства

30.06.2026
Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық экономикалық әріптестіктің жаңа бағыттарын айқындады

30.06.2026
ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

30.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған