• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 28 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына арналған оқыту семинары өтті

28.05.2026
in Басты ақпарат
Түркістанда «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына арналған оқыту семинары өтті

Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – байқауға қатысушы кәсіпорындарға конкурс талаптарын түсіндіру, сапа менеджменті жүйесін жетілдіру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолдау көрсету.

Оқи отырыңыз...

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

28.05.2026
Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

27.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026

Биыл аталған байқауларға Түркістан облысынан жалпы 24 кәсіпорын өтінім тапсырған. Оның ішінде «Алтын сапа» конкурсына 14 кәсіпорын қатысуға ниет білдірсе, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесіне 10 кәсіпорын өтінім берген.

Семинар барысында «Атамекен» ҚР ҰКП «Алтын Сапа» Президенттік сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурстарын ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева байқаулардың талаптары мен кезеңдері туралы кеңінен баяндады.

– «Бүгінде сапалы өнім шығару ғана жеткіліксіз. Кәсіпорындар өндірістегі тиімділік, басқару жүйесі, инновация мен әлеуметтік жауапкершілік бағыттарын қатар дамытуы қажет. “Алтын сапа” байқауы осы көрсеткіштердің барлығын кешенді бағалайтын маңызды жоба», – деді Мерей Исаева.

Сондай-ақ Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орынбасары Ербол Әуелбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, байқаулардың кәсіпкерлер үшін маңыздылығына тоқталды.

– «Президенттік “Алтын сапа” сыйлығы мен “Қазақстанның үздік тауары” байқауы – кәсіпорындардың сапаға деген жауапкершілігін арттыратын маңызды алаң. Бұл тек байқау ғана емес, отандық өнімнің беделін көтеріп, өңір кәсіпкерлерінің әлеуетін танытатын мүмкіндік. Түркістандық кәсіпорындардың жыл сайын белсенді қатысуы – бизнестің даму деңгейінің айқын көрсеткіші», – деді Ербол Әуелбеков.

Қатысушылар өңір экономикасының түрлі салаларын қамтиды. Атап айтқанда, азық-түлік өндірісі, жиһаз жасау, құрылыс материалдарын шығару, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қызмет көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттарында жұмыс істейтін кәсіпорындар бар. Бұл – Түркістан облысында өндірілетін өнім сапасының артып, жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігі күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Іс-шара барысында қатысушыларға конкурстық құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, менеджмент жүйесіндегі стандарттар мен сертификаттаудың рөлі талқыланды. Сонымен қатар кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, тәжірибе алмасты.

Айта кетейік, өңірлік кезең жеңімпаздары Түркістан облысының атынан республикалық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болады. Аталған байқаулар отандық тауар өндірушілерді қолдауға, сапа мәдениетін дамытуға және Қазақстанда өндірілген өнімді кеңінен насихаттауға бағытталған.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына арналған оқыту семинары өтті

Түркістанда «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына арналған оқыту семинары өтті

28.05.2026

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

28.05.2026
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

27.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған