



Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасында өтіп жатқан ауқымды халықаралық іс-шара аясында ұлттық өнер мен мәдениетті ұлықтаған ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Түркі тілдес мемлекеттерден келген қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлер бас қосқан көрме ұлттық құндылықтарды насихаттап, отандық өнімдерді танытуға үлкен мүмкіндік берді.
Аталған көрмеге Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары қатысып, өңірдің бірегей өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Көрме барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері де арнайы қатысып, кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты. Палата тарапынан өңір кәсіпкерлерінің әлеуетін арттыру, жергілікті өнімдерді қолдау және ұлттық брендтерді дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді.
Осындай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлерге өз өнімдерін кеңінен таныстыруға, тәжірибе алмасуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор мүмкіндік береді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ұсынылған өнімдер өңірдің ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, отандық кәсіптің дамуына серпін беруде.




