
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына түскен өтініш негізінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында кезекті маңызды құқықтық іс жүзеге асырылды.
Сарыағаш ауданының жеке кәсіпкері Куралбаева Нортожи Аширбаевна мен бірлескен кәсіпкер Куролбаев Даулетбек тарапынан салынған коммерциялық нысанға қатысты мемлекеттік органдармен туындаған соттық дау барысында құқықтық сипаттағы бірқатар түйткілдер орын алған.
Аталған жағдайға байланысты кәсіпкер сот процестерінде кәсіби адвокат тарту мәселесін қарастырғанымен, түйінді шешім іздеу барысында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.
Осыған сәйкес, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Нұркен Асамбаев іске жедел араласып, жан-жақты құқықтық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері толық қорғалып, туындаған дау қолданыстағы заңнама аясында тиімді әрі оң шешімін тапты.
Кәсіпкерлік істі шешудегі кәсіби, жедел әрі нәтижелі қызметі үшін Нұркен Асамбаев Республикалық «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Ерен еңбек иесі – Ел құрметі» медалімен және Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл оқиға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнестің құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысының нақты нәтижесін көрсетеді. Сонымен қатар, мемлекет пен кәсіпкер арасындағы өзекті мәселелерді шешуде кәсіби құқықтық сүйемелдеудің айрықша маңызын тағы бір мәрте айқындап отыр.





