• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 4 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

14.05.2026
in Басты ақпарат
«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесін түсіндіру және талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

30.10.2026
ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

29.10.2026

Жиында мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен кәсіпкерлік саласының өкілдері бас қосып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №1176 қаулысымен бекітілген рейтингтік әдістеменің өңір экономикасына ықпалы жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Ауелбеков жаңа әдістеменің кәсіпкерлікті дамытудағы маңызына тоқталып, рейтингтік бағалау жүйесі өңірдің экономикалық әлеуетін саралауға және басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал, Палатаның Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің сарапшысы Азат Тасполатов жаңа жүйенің кәсіпкерлер үшін тиімді тұстарына кеңінен тоқталды.

— Бұл рейтингтік әдістеме өңірлердің экономикалық белсенділігін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қолдау шаралары тиімді бағытталып, кәсіпкерлік саласының дамуына оң әсерін тигізеді. Ең бастысы, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейтуге негіз қалыптасады, – деді Азат Тасполатов.

Сондай-ақ жиында Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы тарапынан өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар баяндалып, Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті рейтингтік бағалауда қолданылатын статистикалық мәліметтердің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қажетті мәліметтердің қолда бар екенін, алайда ақпараттарды ұсыну Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті тапсырмасы немесе ресми нұсқаулығы негізінде жүзеге асырылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалы өңір кәсіпкерлерін қолдау бағытындағы бағдарламалар мен қаржылай қолдау құралдары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақ-жауап алаңында рейтингтік жүйені жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

04.11.2026
ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ПЕН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

04.11.2026
ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН QAZETA ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН QAZETA ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

03.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған