• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРД ТУРНИРІ ӨТУДЕ

08.05.2026
in Қоғам, Спорт
ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА БИЛЬЯРД ТУРНИРІ ӨТУДЕ

«Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай аудан ардагерлері арасында бильярдтан аудандық турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ардагерлерге ізгі тілегін арнап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аға буын өкілдерінің ел дамуы жолындағы елеулі еңбектеріне алғыс білдіріп, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі қашанда маңызды екенін атап өтті.
Жиын барысында бірқатар ардагерлерге Түркістан облысы әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталып, «Ерен еңбек иесі» және «Ардақты ардагер» төсбелгілерімен марапатталды. Бұл марапаттар ардагерлердің қоғамдағы еңбегіне көрсетілген ерекше құрметтің белгісі ретінде бағаланды.
Аудан басшысы турнир қатысушыларымен бірге бильярд ойнап, ардагерлермен еркін пікір алмасты. Кездесу барысында ол үлкен буын өкілдерінің белсенді өмір салтын ұстануы жастарға үлгі екенін атап өтіп, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов майдан даласында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың рухына тағзым ету – кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы екенін айтып, жарысқа қатысушыларға ақжарма тілегін жеткізді. Ол ардагерлердің қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.
Аталған турнирге аудан аумағындағы ауылдар мен елді мекендерден келген ардагерлер қатысуда. Жарыс екі жас ерекшелігі бойынша өткізілуде. Атап айтқанда, 63–70 жас аралығындағы 15 ардагер І топта, ал 70 жастан асқан 20 қария ІІ топта өзара бақ сынауда.
Бильярд турнирі ардагерлердің тек спорттық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, бос уақытын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Мұндай жарыстар үлкен буынның қоғамдағы белсенділігін арттырып, олардың өмірге деген құлшынысын күшейтеді.
Сондай-ақ, бұл бастама жас ұрпаққа да өнеге болып, ардагерлердің өмірлік тәжірибесін құрметтеуге тәрбиелейді. Қатысушылар арасында достық пен сыйластық атмосферасы қалыптасып, жарыс жоғары деңгейде өтуде.
Турнир соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болады деп күтілуде. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ардагерлерге деген құрметті арттыра бермек.

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ КҮЙІНДЕ САҚТАЛУДА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ КҮЙІНДЕ САҚТАЛУДА

16.05.2026
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

14.05.2026
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

14.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Шымкентте батыр полицейдің атына «Жас сақшы» сыныбы ашылды

18.05.2026
Палата сарапшысы Нұркен Асамбаев «Ерен еңбек иесі – Ел құрметі» медалімен марапатталды

Палата сарапшысы Нұркен Асамбаев «Ерен еңбек иесі – Ел құрметі» медалімен марапатталды

18.05.2026
Отбасы шекара танымайды: Халықаралық отбасы күні қарсаңында Шымкентте неке статистикасы жарияланды

Отбасы шекара танымайды: Халықаралық отбасы күні қарсаңында Шымкентте неке статистикасы жарияланды

18.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған