• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 8 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

08.05.2026
in Басты ақпарат
«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

Кентауда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында «Кәсіби бағдар беру – мамандық таңдаудағы тиімділік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдары, кәсіпкерлер және әлеуметтік сала мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, нақты ұсыныстар ортаға салынды.

Оқи отырыңыз...

«Әділет» партиясы құрылтай съезін сәтті өткізді

«Әділет» партиясы құрылтай съезін сәтті өткізді

08.05.2026
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО ПАТРИОТИЧЕСКОЕ МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ЗАЩИТНИКА ОТЕЧЕСТВА

06.05.2026
Наставники дуальной системы повысили квалификацию на семинаре Палаты предпринимателей

Наставники дуальной системы повысили квалификацию на семинаре Палаты предпринимателей

06.05.2026

Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарға сапалы кәсіби бағдар беру, оларды колледждерге тарту және одан әрі тұрақты жұмысқа орналастыруды жетілдіру.

Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, облыстық мәслихат депутаты, облыстық «Әйелдер қанатының» жетекшісі Қалыйма Жантөреева ашып, жобаның қоғам үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ол жастардың дұрыс мамандық таңдауы – елдің тұрақты дамуының негізгі құралы екенін ерекше жеткізді.

Дөңгелек үстелде сөз алған Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жастарды еңбек нарығына бейімдеу бағытындағы нақты жұмыстарға тоқталды.

«Кәсіби бағдар беру – тек мамандық таңдаумен шектелмейді. Бұл – жастардың болашақ өмір жолын айқындайтын маңызды кезең. Біз жастарды кәсіпорындарға апарып, өндіріс орындарымен тікелей таныстырып келеміз. Ашық есік күндері мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы олардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік жасап отырмыз. Алдағы уақытта да ерекше қажеттілігі бар жастарды жұмыспен қамтуға басымдық беріп, кәсіпкерлермен тығыз байланысты жалғастырамыз», – деді Асылан Сейілбекұлы.

Жиында сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі кеңінен талқыланды. Бүгінде өңірде 22 әлеуметтік кәсіпкер тіркелсе, олардың 12-сі мемлекеттік грантқа ие болған. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры бұл бағыттағы бастамаларды күшейтіп, әсіресе ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамтитын жобаларды көбейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Алматы қаласындағы табысты тәжірибелер де сөз болды. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар жандарды еңбекке тартып отырған кәсіпорындардың тиімді үлгілері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

Кездесу барысында «Ақниет Holding» ЖШС кадр бөлімінің маманы Рита Майсанова компаниядағы инклюзивті жұмыс тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпорында 3-топ мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау қарастырылғанын айтты. Қазіргі таңда олар үшін түрлі жұмыс орындары ұсынылып, тұрақты еңбек етуіне барлық жағдай жасалуда.

Атап айтқанда, қызметкерлердің жеке мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайына сай бейімделген жұмыс орындары мен қолайлы еңбек ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Компания әлеуметтік жауапкершілік аясында инклюзивті мәдениетті дамытуға басымдық беріп отыр.

Жиында Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов өңірдегі инклюзивті білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар мектеп бітірушілерді қолдау – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.

Жиын қорытындысында тараптар «Шексіз мүмкіндік» жобасын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Құжат аясында ерекше қажеттілігі бар жастарды оқуға тарту, кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмек.

Бұл бастама – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашып, олардың экономикалық дербестігін арттыруға серпін беретін маңызды қадам.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

08.05.2026
Алгебра сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру – заман талабы

Алгебра сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру – заман талабы

08.05.2026
«Әділет» партиясы құрылтай съезін сәтті өткізді

«Әділет» партиясы құрылтай съезін сәтті өткізді

08.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған