«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы қала тұрғындарына 2026 жылғы 3 қаңтардан бастап кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеретінін хабарлайды. Бұл ретте кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады.
3 қаңтардан бастап кезекші кесте бойынша Нұртас ш.а, Жас Талап көшесі, 168/1 және Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайларында орналасқан ХҚКО-лар жұмыс істейді. Аталған орталықтар азаматтарды жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Сонымен қатар, Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Жангелдин көшесі, 13А мекенжайларындағы ХҚКО-лар 3 қаңтардан бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді. Қызметтер тек жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.
Айта кетейік, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады. Кезекші кесте бойынша Достық ш.а, 2343/1 және Асар-2 ш.а, 12Б мекенжайларындағы МХҚКО-лар жұмысын жалғастырады. Өтініштер жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні жұмыс уақыты 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Еске саламыз, қалыпты жұмыс кестесі бойынша ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.




