• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 15 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

30.10.2025
in Қоғам, Мәдениет
ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді.
Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады.
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.
– Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде мәртебесін ілгерілетуді көздеген байқау 5 бағытта өрбіді. Бақ сынаған балалар мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлеп, түрлі шығармалардан үзінділер оқып, қазақ тілін жетік меңгергенін дәлелдеді. Біз еліміздің мемлекеттік тілін дәріптеп, насихаттауға бағытталған байсалды бастамаларды қолдауға әрдайым дайынбыз! Ойын қазақша еркін жеткізетін, мемлекеттік тілден мүдірмейтін балалардың бүгінгі жеңістері өмірлік толағай табыстармен жалғаса бергей! – деді Иманалы Оспанұлы.
Салтанатты жиында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Мың жүйрік» жобасы – этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің нақты көрінісі. Бұл бастама өзге ұлт өкілдері арасындағы қазақ тілін үйренуге деген ынтаны күшейтіп, тіл арқылы ортақ мәдени құндылықтарды біріктіруге жол ашады. Тіл – бірліктің, түсіністіктің және өзара құрметтің діңгегі. Сондықтан мұндай жобалар еліміздің рухани жаңғыруының маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақ тілін меңгеру тек тілдік дағды емес, ол ұлттық болмыс пен мәдениетті тану, тарихи тамырды сезіну үдерісі. «Мың жүйрік» секілді жобалар жастарды отансүйгіштікке, мәдениетаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және рухани баюға жетелейді. Бұл іс-шараның республикалық деңгейде өткізілуі – Қазақстанның тіл саясатының сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын айғақтайды.
Байқау нәтижесінде қатысушылардың шығармашылық әлеуеті мен тілге деген сүйіспеншілігі ерекше байқалды. Балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, ұлттық поэзия мен әдебиеттен үзінділер келтіруі олардың терең білімін және мемлекеттік тілге құрметін көрсетті.
Болашақта мұндай жобалар аясында қазақ тілін оқыту әдістемелерін жетілдіру, цифрлық платформада бейне-сабақтар мен онлайн-курстар әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл жастардың тілді меңгеру мүмкіндігін арттырып, заманауи форматтағы тілдік білім беруді дамытуға жол ашады.
«Мың жүйрік» жобасы – ұлт пен ұлтты жақындастыратын, мемлекеттік тілдің мерейін өсіретін игі бастама. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан бұл байқаудың әр қатысушысы – еліміздің көпұлтты қоғамындағы татулық пен мәдени бірліктің жас елшісі.
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2025
ШЫМКЕНТТЕ ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫ-ЛАЗЕРЛІ СУБҰРҚАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

В Шымкенте состоялся запуск современного музыкально-огненного фонтана

10.11.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

05.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған