• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 17 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

17.09.2025
in Басты ақпарат
Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиын барысында кәсіпкерлік бастамалары бар қыз-келіншектерге іскерлік жобалары үшін пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте іскер әйелдерге арналған семинар өтті

В Шымкенте прошел семинар для деловых женщин

17.09.2025
Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

Президент Жолдауы: кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа кезеңі

11.09.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

11.09.2025

«Бас қосудағы мақсатымыз – іскерлік бастамаларды мемлекеттік тарапынан қолдау шаралары, қаржыландыру мүмкіндіктері, әлеуметтік кәсіпкерлікті бастау, дамыту тетіктері туралы түсіндіру. Осы мақсатта жиынға Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының өкілдері қатысып отыр. Жобаларыңызды жүзеге асыруға қажет ақпараттармен танысып, сұрақтарыңыз болса, жауап алуға болады», – деді Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Жанар Алтаева.

Жиын барысында сала мамандары кәсіпкерлікке арналған бағдарламалар мен қолдау шаралары туралы түсіндірді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың өкілі көпшілікті қызықтырған әлеуметтік кәсіпкерлік туралы түсіндірді.

«Еліміз бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілерінің тізілімі жасалады. Ол қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, жақсартуға бағытталған. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығына сәйкес төрт санат көрсетілген. Біріншісі – кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі адамдар, ерекше бала тәрбиелеуші ата-аналар, зейнеткерлер және зейнет алдындағы жастағы кісілер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, пробациялық есептегі азаматтар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасылар, медициналық-әлеуметтік оңалтудан өткендер, қандастар секілді әлеуметтік осал топ мүшелерін жұмыспен қамтып, олардың саны жалпы қызметкерлердің 50 пайызын құрауы тиіс және 2 адамнан кем болмауы керек. Екіншісі – жоғарыда көрсетілген 9 санаттағы азаматтар жеке кәсіпкерлікпен айналысса, әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне ене алады. Және кәсіпкердің табысының кемінде 50 пайызы осы әлеуметтік саладан түсуі керек. Үшінші сала – әлеуметтік осал топ мүшелеріне арналған қызмет көрсету, тауар өндіру, сол азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған күтім көрсететін кәсіпкерлер жатады. Оның арнайы тізімі бар. Төртіншісі – қоғамдық маңызды қызметтермен айналысатын кәсіпкерлер осы әлеуметтік кәсіпкерлік санатына ене алады. Олар – негізінен балалардың демалысын ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, негізгі жалпы орта білім, қосымша білім беру орталықтары, ерекше балаларға психологиялық, педагогикалық қолдау көрсету, еріктілерді оқыту, мәдени-ағарту саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлер», – деді Керемет Жадығұл.

Семинар барысында әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының өкілі Гүлбану Пернебекова жұмыспен қамту, «Күміс жас» сияқты бағдарламалар туралы түсіндірсе, «Қазақстан халық банкі» және «Отбасы банкі» АҚ өкілдері банктегі несиелендіру, корпоративтік бағдарламалар туралы мағлұмат берді.

Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

17.09.2025
Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

17.09.2025
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

17.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған