• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 19 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

27.07.2025
in Без рубрики
ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен көшпелі кездесу барысында Шымсити шағынауданының №20 үй тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғындар балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін қауіпсіз әрі заманауи ойын және спорт алаңшаларын орнату қажеттігін жеткізді. Бұл ұсыныс қалалық және аудандық әкімдіктер тарапынан қолдау тауып, дереу назарға алынды.
Аталған мәселе бойынша Абай ауданына қарасты «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тиісті зерттеу жүргізіп, алаңшаларды қайта жаңғырту жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, спорт және ойын алаңшалары толық жөндеуден өтіп, қазіргі заман талабына сай жаңартылды. Алаңшаларда қауіпсіздік талаптарына сәйкес резеңке төсеніштер төселіп, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, спортпен шұғылданатын жасөспірімдерге арналған турник, жаттығу құрылғылары, кіші футбол және баскетбол алаңшалары да жаңартылып пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда бұл нысандарды қалалық құрылыс басқармасынан Абай ауданы әкімдігінің теңгеріміне өткізу процесі жүргізіліп жатыр. Бұл – алаңшалардың сенімді басқаруға берілуін және олардың техникалық жағдайын жүйелі қадағалауды қамтамасыз етеді. Құжаттар әзірленіп, тиісті сараптамалар жасалуда.
Жалпы, аудан аумағында тұрғындардың сұранысына сай әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып келеді. Тек Шымсити шағынауданында ғана емес, өзге де ықшамаудандарда балалар алаңшалары мен спорттық нысандар салынып, бұрыннан барлары жаңартылуда. Мұндай нысандар – балалардың денсаулығын нығайтуға, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және отбасылардың сапалы демалысын ұйымдастыруға сеп болады.
Сонымен қатар, Абай ауданы әкімдігі мен қалалық құрылымдар арасында өзара ынтымақтастық күшейіп, тұрғындармен кері байланыс жүйесі жетілдірілуде. Көшпелі кездесулер, қоғамдық қабылдаулар арқылы халықтың ұсыныстары мен шағымдары дер кезінде қаралып, жауапты мекемелер тарапынан нақты шаралар қабылдануда.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Абай ауданының әкімдігі тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділікті арттыру мақсатында жаңа жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отыр.

Оқи отырыңыз...

Субботники в рамках акции «Таза Қазақстан» в Абайском районе

Субботники в рамках акции «Таза Қазақстан» в Абайском районе

16.08.2025
Абай ауданының инженерлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамуда

Абай ауданының инженерлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамуда

15.08.2025
Абай ауданында кәсіпкерлік нысандарды көріктендіру және аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында кәсіпкерлік нысандарды көріктендіру және аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде

15.08.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

“ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты нәзік жандылардың өзін-өзі қорғау курсы өтті

“ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты нәзік жандылардың өзін-өзі қорғау курсы өтті

19.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

19.08.2025
ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Габит Сыздыкбеков поздравил строителей с профессиональным праздником в Год рабочих профессий

19.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған