• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 30 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

28.07.2025
in Құқық-заң
АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Ата Заң – мемлекеттің саяси, құқықтық және рухани негізін айқындайтын басты құжат. Ол – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тірегі, елдігіміздің алтын діңгегі. Тәуелсіз ел болудың басты шарттарының бірі – өзінің Конституциясы, яғни Ата Заңының болуы. Бұл – мемлекеттіліктің белгісі ғана емес, халықтың еркіндігі мен құқықтарының кепілі.

Оқи отырыңыз...

   Мемлекеттік тіл – егемендіктің айнасы

   Мемлекеттік тіл – егемендіктің айнасы

30.07.2025
 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр азаматтың міндеті 

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр азаматтың міндеті 

30.07.2025

ҚР конституциялық соты

25.07.2025

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Бұл тарихи күн – еліміздің құқықтық даму жолындағы жаңа кезеңінің бастауы болды. Ата Заңымызда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты көрсетілген. Халық – биліктің бірден-бір бастауы деп жарияланды. Бұл қағида – еліміздегі мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық екенін айқын білдіреді.

Конституцияның әрбір бабы мен тармағы – мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Ол мемлекеттік органдардың құрылымы мен өкілеттігін, заң үстемдігін, сот төрелігінің әділеттілігін, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін жоғары құқықтық нормалар жүйесі.

Сот билігі – Конституцияда бекітілген негізгі билік тармақтарының бірі. Ол – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың, заң үстемдігін орнатудың кепілі. Конституцияда соттардың тәуелсіздігі, судьялардың ешкімге бағынбайтыны және тек заңға ғана бағынышты екендігі нақты жазылған. Бұл – демократиялық қоғамның, әділ сот жүйесінің басты шарты. Судьяның ар-ожданы мен әділеттілігі – Конституцияда көрсетілген қағидалар негізінде қалыптасады.

Ата Заң еліміздің құқықтық жүйесін қалыптастырып қана қоймай, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын да айқындайды. Егемен ел ретінде Қазақстан өз азаматтарының құқығын қорғауды бірінші орынға қойған. Бұл – Конституцияның басты бағдары. Халықтың әрбір мүшесі осы заң арқылы өз құқықтарын қорғай алады, өз ойын ашық айтуға, білім алуға, еңбек етуге және әділ сотқа жүгінуге толық құқылы.

Ата Заң – ұлттың бірлігі мен татулығын сақтаудың басты құралы. Оның арқасында көпұлтты Қазақстан халқы бейбіт өмір сүріп келеді. Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары тең дәрежеде қорғалып, заң алдында бәрі тең екендігі қамтамасыз етілген.

Конституция – елдің ертеңін айқындайтын саяси құжат. Ол – тек құқықтық ереже жиынтығы ғана емес, ол – халқымыздың арман-мұратының, болашаққа деген сенімінің көрінісі. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің барлық жетістіктері мен табыстары осы Конституцияға сүйене отырып жүзеге асырылып келеді.

Ата Заң – ел Тәуелсіздігінің темірқазығы. Ол – Қазақстан халқының болашаққа деген сенімі мен тұрақтылығының негізі. Конституцияға адал болу – Отанға адал болу, елдікті сақтау – Ата Заңды ардақтау. Мемлекетіміздің мәңгілік болуы да осы заңға деген құрмет пен оны мүлтіксіз орындауға тікелей байланысты. Сондықтан, әрбір азамат Ата Заңды білуге, құрметтеуге және қорғауға міндетті. Біздің Тәуелсіздігіміздің тұғыры – осы заңмен нықталып, мемлекетіміздің келешек дамуына берік негіз қаланды.

А.ДЖАНАСОВ,

Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

   Мемлекеттік тіл – егемендіктің айнасы

   Мемлекеттік тіл – егемендіктің айнасы

30.07.2025
 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр азаматтың міндеті 

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр азаматтың міндеті 

30.07.2025
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Прошло очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

29.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған