• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 6 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан қаласының Дизайн-коды түсіндірілді

29.05.2025
in Басты ақпарат
Түркістан қаласының Дизайн-коды түсіндірілді

2025 жылғы 28 мамырда, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Түркістан қаласының дизайн-коды» тақырыбында кең көлемді түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шара Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №29/133-VIII шешімімен бекітілген құжат негізінде ұйымдастырылды. Жиын барысында жаңа талаптар мен стандарттар кәсіпкерлер мен мүдделі тараптарға таныстырылды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

30.10.2026
ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

29.10.2026

Дизайн-код дегеніміз не?

Дизайн-код — бұл қаланың сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай стандарттар мен талаптар жиынтығы. Ол ғимараттардың қасбеттерінен бастап маңдайшалар, көше жиһаздары, нұсқағыштар, жарықтандыру және шағын сәулет нысандарына дейінгі элементтерді қамтиды. Кодтың негізгі мақсаты — Түркістан қаласының эстетикалық келбетін жақсарту, жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру, сондай-ақ туристік тартымдылықты арттыру.

Құжаттың негізгі бағыттары:

• Сыртқы (көрнекі) жарнама мен ақпараттық маңдайшаларды орналастыру тәртібі;

• Көше навигациясы және жол көрсеткіштерінің стандарттары;

• Көше жиһазы мен шағын сәулет формаларына қойылатын талаптар;

• Ғимараттардың қасбеттік шешімдері;

• Қоршау элементтеріне қойылатын нормалар;

• Қалалық кеңістікті жарықтандыру жүйелерінің дизайн стандарттары.

Іс-шара барысында Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі сәулет секторының меңгерушісі Әбдіжапар Бексұлтан және бөлімнің бас маманы Қуатұлы Азат дизайн-код талаптарын сақтау қаланың келбетін үйлестіруге, сондай-ақ заманауи әрі тартымды кәсіпкерлік нысандарды қалыптастыруға зор ықпал ететінін атап өтті.

Жиынға жобалаушы компаниялардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаев бұл шараның маңыздылығын ерекше атап өтті:

– Бұл кездесу Түркістан қаласының заманауи, үйлесімді әрі келешекке бағдарланған келбетін қалыптастыру жолында маңызды қадам болды. Кәсіпкерлер мен құрылыс саласының өкілдеріне нақты талаптар мен стандарттар жан-жақты түсіндірілді, – деді ол.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шымкентские лучники завоевали пять медалей на чемпионате мира

05.11.2026
Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Шымкенттік мергендер әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

05.11.2026
КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

05.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған