• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

25.04.2025
in Құқық-заң
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Сот жүйесінде жүргізілген реформалар, судьялардың тәуелсіздігі мен сот әділдігін цифрлық өнімдерді енгізу арқылы жүзеге асырылып, тиімділікті арттыру бағытында оң өзгерістер әкелуде. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, сотқа жүгінген азаматтардың құқықтарын толыққанды қамтамасыз ету, сот әділдігінің деңгейін көтеру және сот пен халықты жақындату мақсатында биыл 1 шілдеден бастап Астана қаласында үш дербес кассациялық сот енгізілмек.

Оқи отырыңыз...

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025

Аудандық немесе облыстық соттарда қаралған істер бойынша сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға немесе сот практикасына қайшы болған жағдайда, жіберілген қателіктер кассацияда түзетіледі, сот актілерінің күші жойылып, өзгертілуі мүмкін. Осылайша, жаңа кассациялық сот төменгі сатыдағы шешімдердің іс жүргізу нормаларына сәйкес келуін, заңдардың дұрыс қолданылуын бағалап, барлық дәлелдемелердің объективті түрде қаралуын қамтамасыз етеді.

Кассациялық соттың негізгі міндеті – заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау. Апелляциялық сатыдан айырмашылығы, кассациялық іс жүргізу жаңа фактілерді анықтауға емес, сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеруге бағытталған.

Кассациялық сот азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша шешімдерді қайта қарап, заң нормаларын қолданудағы бірізділікті қамтамасыз етіп, әділеттілікті орнатуды мақсат етеді.

Шешімдер электронды түрде жарияланып, сот процесі онлайн режимде бақыланатын болады. Қазіргі тәжірибеден өзгеше, кассацияға қатысты істер алдын ала қараусыз, тікелей алқа-коллегияға жіберіледі. Алқа үш судьядан тұрады. Кассациялық соттың істі қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

Сот процесі жазбаша хат алмасу арқылы емес, дәстүрлі түрде, ауызша түрде, тараптарды шақыру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні әрбір адам, қарапайым жұмысшыдан кәсіпкерлерге дейін, әділеттілік іздегенде, кассациялық сатыға үмітпен жүгінеді. Бұл тек сот реформасының нәтижесі ғана емес, азамат пен мемлекет арасындағы жаңа деңгейдегі диалог форматы.

Кассациялық соттар сот шешімдерін қайта тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Бұл инстанция қателіктерді анықтап, әділетсіз шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.

Кассациялық соттардың құрылуының маңызды мақсаты – Жоғарғы соттың жүктемесін азайту. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей Жоғарғы сотқа жіберілсе, жаңа кассациялық соттар бұл функцияны өз мойнына алады, осылайша Жоғарғы сот тек ең күрделі және маңызды істермен айналыса алады.

Сонымен қатар, кассациялық соттар сот шешімдерінің сапасын арттыруға ықпал етеді. Олардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына көмектеседі. Кассациялық соттардың құрылуы сот жүйесінің ашықтығын, жауапкершілігін және сенімділігін арттырып, Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады.

Жаңа кассациялық соттардың ерекшелігі – цифрландыру мен инновация. Кассациялық соттардың жұмысында заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылады, бұл құжаттарды электронды түрде қабылдауды және қарауды жеңілдетіп, істі қарау уақытын қысқартады.

М.МҰЗДЫБАЕВА,

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған