• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Еліміздегі автомектептерде оқу бағасы қанша

20.04.2025
in Басты ақпарат
Еліміздегі автомектептерде оқу бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM – Автомектептер оқу процесі кезінде жол ережесін теория жүзінде үйреніп қана, көлік айдауды үйретеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Оқи отырыңыз...

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025
Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

08.08.2025
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

08.08.2025

 

Фото: Kazinform / Freepik / Pixabay
Бағаны дұрыс салыстыру үшін біз салмағы 3,5 тонна болатын жеңіл көлікті жүргізуге арналған «B» санатты куәлігінің оқу ақысын білдік. Қалаларда оқу мерзімі — 2-3 ай. Бір айдан соң білім алушылар қала ішінде немесе автодромда нұсқаушы көмегімен көлік жүргізе алады. Оқу ақысын салыстыру кезінде курс және нұсқаушымен 18 сағат көлік жүргізу негізге алынды.

Ең қымбат курс Алматы қаласында болып шықты. Мұнда жеңіл көлік жүргізу курсы 70 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге жетеді. Мұнда курс құны орта есеппен 110 000 теңге. Ал нұсқаушымен бір сағат көлік жүргізу құны — 10 000 теңге. Егер 18 сағаттың шығынын қоссақ, 180 000 теңге болады. Курс пен көлік жүргізуді қатар үйрену — 290 000 теңге.

Ақтауда баға бұдан 38 000 теңгеге арзан. Бірақ «B» санатты куәлігін алуға арналған курстың толық құны сонда да 252 000 теңгеге шығып тұр. Оның 90 мың теңгесі оқу ақысы, ал 162 000 теңге (нұсқаушымен бірге 1 сағат көлік айдау құны 9 000 теңге) көлік жүргізуге кетеді.

Астана қаласында да таңдау көп. Кейбір автомектептерде курс құны 60 000 теңге, ал кейбірінде 120 000 теңге болып тұр. Автомектептерде көлік жүргізуді үйрену құны 6 000 теңгеден басталып, 10 000 теңгеге дейін жетеді. Қалада оқу курсы орта есеппен 80 000 теңге. Сонымен бірге нұсқаушымен көлік жүргізу үшін әр сағаты 8 000 теңге. Бұл дегеніміз — 18 сағаттық оқуға 144 000 теңге керек. Курстан толық өту құны — 224 000 теңге.

Қонаев қаласында баға сәл төмен. Курстың жалпы құны 215 000 теңге. Оның 80 000 теңгесі оқуға, 135 000 теңгесі көлік жүргізуге (сағатына 7500 теңге) жұмсалады. Атырауда баға едәуір төмен. Мұнда курстың жалпы құны — 199 000 теңге. Оның 55 000 теңгесі курсқа жұмсалады. Ал нұсқаушымен бірге көлік жүргізу үшін әр сағатына 8 000 теңге төлеуге тура келеді.

Талдықорған мен Шымкентте курс құны 60 000 теңге болып тұр. Бірақ Талдықорғанда көлік жүргізуді үйрену үшін 126 000 теңге (сағатына 7000 теңге) төлеуге тура келеді. Ал Шымкентте оның құны 108 000 теңге (сағатына 6000 теңге) деп есептелген. Оралда 2,5 айлық курсты оқу үшін 70 000 теңге және көлік жүргізіп үйрену үшін сағатына 6 000 теңге төлейді.

Көкшетауда автомектепте оқу бағасы жоғары. Мұнда 75 000 теңге, бірақ практикалық оқу бағасы төмен. Сағатына 5000 теңге болса, толық курсқа 165 000 теңге төлейді.

Қызылорда мен Таразда курс бағасы — 50 000 теңге. Ал нұсқаушымен бірге көлік жүргізіп үйренуге 5 000 теңге төлейді. Толық курс — 140 000 теңге.

Жезқазған мен Қарағандыда теориялық білім алу, жол ережесін үйрену 40 000 және 35 000 теңге. Ал көлік руліне отырып, жүргізіп үйрену сағатына 5 500 теңге (18 сағаттық оқу құны — 99 000 теңге) болып тұр.

Өскемен (137 000 теңге) мен Қостанайда (126 000 теңге) баға шамалас. Мұнда оқу ақысы орта есеппен 45-47,5 мың теңге. Ал Қостанайда көлік жүргізуді үйрену 500 теңгеге (бірінде 4500, екіншісінде 5 000 теңге) арзан.

Петропавл мен Түркістанда баға орташадан төмен. Егер оңтүстікте 50 000 теңге болса, солтүстікте 60 000 теңге. Ал көлік жүргізуді үйрену үшін қалалықтар сағатына 4 000 теңге (18 сағатқа 72 000 теңге) төлейді.

Толық курс бағасы арзан үштікке Павлодар қаласы кіріп тұр. Мұнда нұсқаушымен бірге көлік жүргізу үшін сағатына 2 500 теңге төлейді. Тек теориялық курс құны Астанадағы бағамен бірдей, яғни, 80 000 теңге. Дегенмен курс құны орта есеппен 125 000 теңгеге шығады.

Ақтөбеде теория мен практика құны шамалас. Бірі 60, екіншісі 63 мың теңге (мұнда көлік жүргізу 3500 теңге) тұрады.

Елімізде Семей қаласында ғана ең төмен баға ұсынылады. Мұнда курстың теориялық бөлігі 40 000 теңге, ал көлік жүргізу үшін сағатына 4 000 теңге (барлығы 72 000 теңге) төлейді. Сонда толық курс құны — 112 000 теңге.

https://kaz.inform.kz/news/elmzdeg-avtomektepterde-oku-bagasi-kansha-feb3e1/

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13.08.2025
Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

13.08.2025
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

13.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған