• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды

20.04.2025
in Басты ақпарат
Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстаннан шетелге қоныс аударатын азаматтар көбіне ТМД мен Батыс елдерін таңдайды. Осы және өзге де статистикалық деректерге шолу ұсынамыз.

Оқи отырыңыз...

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

12.08.2025
Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

Жекеменшік балабақшаларды ОБО жүйесіне мәжбүрлі қосу: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мәселені көтерді

08.08.2025
Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

08.08.2025

 

Фото: gov.kz
Қоныс аударғандар саны

Бұл үрдістің жетекші себептерінің бірі – азаматтар шетелде жұмыс істеуге кетеді. Сонымен қатар, білім алу мен халықаралық тәжірибе жинақтау үшін шетелге кететін жастар да бар.

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы зерттеулеріне көз жүгіртіп, соңғы уақытта шетелге көшкен адам саны – 12 784 екенін көруге болады. Оның ішінде қазақтар – 795, украиндықтар – 704, өзбектер – 1 672 және басым бөлігі орыс ұлты – 7 886. Елден көшуге шешім қабылдағандар көбінесе ТМД мемлекеттерін таңдайды. Сондай-ақ, Германия, Польша және АҚШ сияқты батыс елдеріне қоныс аударуды жөн көреді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы мәліметтер бойынша, елге көшіп келгендердің саны – 29 948 адам.

Шетелге кететін мамандар

Елден көшкен қазақстандықтардың арасында техникалық мамандықтар мен экономика саласының мамандары басым. Статистикаға сәйкес, қоныс аударған қазақстандықтардың 3 113-і техникалық мамандықтар бойынша жұмыс істеуге кетсе, 1 293 адам экономика саласын таңдаған. Одан кейінгі орындарды педагогтер – 994, заңгерлер – 357 және медицина саласының өкілдері – 575 алады. Сондай-ақ, шетелде өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген сәулетші, ауылшаруашылығы және басқа салалардың мамандары да аз емес.

Пайдасы мен зияны

Бір жағынан, бұл — сыртқы жұмыс күшін арттырып, шетелде жүрген қазақстандықтардың тәжірибе жинақтап қайтуына мүмкіншілік. Тек бұл ғана емес, шетелде білім алып, жұмыс істеп жатқан азаматтар елге жаңа білім, технологиялар мен инвестициялар әкелуі ықтимал. Бұл тұрғыда шетелге кету тек теріс емес, жеке даму мен жаңа мүмкіндіктердің жолы саналады.

Алайда, егер бұл үрдіс тоқтамаса, елімізде білікті мамандар тапшылығы күшейіп, экономика мен ғылымда артта қалу қаупі туындауы мүмкін. Бұл жағдайда, мемлекет ішкі еңбек нарығын жақсартуға, жастарға кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынуға, жұмыс орындарын көбейтуге бағытталған шараларды қолға алуы қажет.

Ақша аударымдары

Өзге елге көшкен азаматтардың Қазақстанға жасаған қаражат аударымдары экономикаға айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында Қазақстаннан шетелдерге аударылған ақша – 40,7 млрд теңге. Бұл — 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 28,3 пайызға аз. Ал ақпан айында аударымдар көлемі 45 млрд теңгеге жеткен. Қаңтармен салыстырғанда 10,5 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, қаңтар-ақпан айларында шетелден Қазақстанға жасалған аударымдардың жалпы сомасы — 31,6 млрд теңге.

2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстаннан шетелге жасалған ақша аударымдары көлемі шетелден Қазақстанға келген аударымдардан шамамен үш есе көп болды. Бұл еңбек миграциясы, отбасылық қолдау және инвестициялық мақсаттармен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, валюта құрылымындағы айырмашылықтар да назар аударарлық: шетелге аударымдарда теңгенің үлесі жоғары болса, Қазақстанға келген аударымдарда доллар басым.

https://kaz.inform.kz/news/enbek-kosh-koni-kazakstannan-konis-audaratindar-negznen-kay-elderd-tandaydi-8b5b06/

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

13.08.2025
Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

13.08.2025
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТІРЕГІ

13.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған