• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сотта бітімге келу — ұтымды шешім

18.04.2025
in Құқық-заң
Сотта бітімге келу — ұтымды шешім

Елімізде халықтың сотқа деген сенімін арттыру маңызды мәселе болып отыр. Шын мәнінде, адамдар арасында дау-дамайды тек сот арқылы шешу керек деген пікір қалыптасқан. Сондықтан, кішкене ғана мәселе туындаса, көп жағдайда біз дереу сотқа жүгінеміз. Сотқа жүгіну процесі, әдетте, ұзақ уақытты алады, себебі арыз беру, мемлекеттік баж, сот шығындары, жол қаражаты, заңгерлерді жалдау сияқты түрлі шығындармен байланысты. Сот ісі аяқталғанша бірнеше отырыс өткізуі мүмкін, бұл өз кезегінде жұмыстан жиі сұрануға және жеке өмірді елемеуге алып келеді. Сонымен қатар, сотта екі тарап арасында үлкен дау туындап, олар адамгершілік және имандылықты ұмытып, бір-бірімен айтысқа түседі. Мұның соңы ауыр сөздер айтуға, туыс немесе дос-жарандардың бір-біріне қарсы тарапқа айналуына және үлкен ренішке әкелуі мүмкін.
Мұндай жағымсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында 2011 жылдың екінші жартысынан бастап күшіне енген «Медиация туралы» Заңның жұмыс жасап жатқанына да 14 жылдың жүзі болды.Бастапқы кезеңде бұл заңның тиімді жүзеге асырылуы қиындықтарға тап болған еді, ал кейінірек қабылданған Азаматтық процестік кодекс дауларды бітімге келтірудің бірнеше рәсімдерін енгізді. Заңнамада татуласудың үш түрі белгіленді: сотта татуласу келісімін жасау, медиация немесе соттық медиация арқылы дауды шешу, сондай-ақ екі тараптың адвокаттарының қатысуымен партисипативтік рәсім арқылы дауды реттеу.
Бұдан бөлек, елімізде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы іске асырылуда. Осыған орай, әр өңірде соттан тыс татуластыру орталықтары ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтарға келушілер медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустар мен сот орындаушыларының қызметтерін тегін ала алады. Сонымен қатар, аудандар мен ауылдық округтерде билер кеңестері құрылып, жергілікті халықтың тыныштығын бұзатын мәселелерді, мысалы, отбасылық ажырасу, ішімдікке тәуелділік, ұрлық және басқа да құқық бұзушылықтарды тоқтату үшін қызмет атқаруда.
Дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешудің көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл әдіс тараптардың өзара келісімге келу мүмкіндігін арттырады, ал сот шешімімен салыстырғанда, бұл әлдеқайда тиімді. Екіншіден, даулардың көпшілігі заң нормаларын дұрыс түсінбеушіліктен туындайды, сондықтан соттың осы нормаларды дұрыс түсіндіруі екі тараптың мәмілеге келуіне ықпал етеді. Үшіншіден, сот шешімі тек бір тараптың мүддесін қанағаттандыруы мүмкін, ал татуласу нәтижесінде екі тарап ортақ келісімге келіп, дауды аяқтай алады. Төртіншіден, дауды келісіммен шешу екі тараптың да уақытын және қаржысын үнемдейді. Татуласудың тағы бір артықшылығы — егер сотпен бекітілген келісім ерікті түрде орындалмаса, тараптар атқару парағын шығару арқылы мәжбүрлі түрде орындату құқығына ие. Мысалы, егер бір тарап екінші тарапқа қарыз болып, оны белгілі бір мерзімде қайтару туралы келісім жасаған болса, бірақ жауапкер уақытында орындамаса, талап қоюшы сотқа атқару парағын шығаруға өтініш бере алады.
Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуына қатысты шаралар қабылдап, даулы процестің барлық кезеңдерінде келісімге келуге көмек көрсетеді. Ал 176-бапта тараптар келісімді жазбаша түрде дайындап, оған өздері немесе олардың өкілдері қол қоюы керектігі айтылған. Бұл құжатта келісімнің орындалу мерзімі мен тәртібі нақты көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, азаматтар өз талаптарын қойып, өзара келісімге келген жағдайда ғана сот олардың келісімін бекітеді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта медиация туралы заңның қылмыстық іс жүргізуде де тиімді пайдаланылуы байқалуда. Көп жағдайда қылмыс жасағаннан кейін жәбірленуші мен айыпталушы арасында теріс қарым-қатынас қалыптасады. Жиі айыпталушы жәбірленушіден кешірім сұрап, келтірілген залалдың орнын толтыруға тырысқанымен, жәбірленуші ренішін жеңе алмай, байланысқа шығудан бас тартады. Мұндай жағдайда медиатор екі тарапқа да заңды шешім қабылдауға көмектесе алады.
Біздің мақсатымыз – дауларды сотқа дейін реттеудің тиімділігін халыққа жеткізу және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы заңдастыру. Жоғарыда аталған бітімге келу келісімдерінің көпшілігі берешек өндіруге қатысты болса, соңғы уақытта медиация аясында неке бұзу туралы талаптар бойынша да бітімге келу саны артып келеді. Бұл үрдістің болашақта кеңінен қолданылуы жақсы нәтижелерге жеткізетіні сөзсіз.
Нұралы САРҚҰЛОВ,
Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған