• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Үкімет декретке миллионмен шығудың жолын кеседі

31.03.2025
in Басты ақпарат
©freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «декретке миллионмен» шығу мүмкіндігін алып тастайды. Яғни жүктілік пен босануға, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді есептеу ережелеріне өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды «Newqazaq.kz» Dalanews.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Министрлік мұндай қадамға ел арасында «декретке миллионмен» деп аталып кеткен тәсіл, яғни көбірек төлем алу үшін табысын арттыру жағдайларының жиілеп кетуінен кейін барған. Жаңа ереже 8 сәуірден бастап күшіне енеді.
Мынадай өзгерістер болмақ:

1. Бала күтімі бойынша біржолғы төлем (халық арасында – декреттік төлем аталып кеткен сома). Бұрын әйелдің бірнеше жұмысы болса (мысалы, екі қызметтік жұмыс және жеке кәсіпкерлігі), әрқайсынан максималды төлем алуға мүмкіндігі бар еді. Енді жалпы сома 2 249 100 теңгеден аспауы керек.

Өйткені енді табысты есептегенде, 7 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) дейінгі сома ғана ескеріледі. 2025 жылы бұл – айына 595 000 теңге. Егер табыс одан жоғары болса немесе бірнеше жұмысы болса да, бәрібір ең көбі 595 мың теңге ретінде есептеледі.

2. 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы төлемдер. Бұрын декреттік демалысқа шыққаннан кейін, кейбір әйелдер аударымдарын жалғастырып, төлем мөлшерін арттыру мүмкіндігін қолданатын. Енді бұл әдіс істемейді, қосымша аударымдар есепке алынбайды.

 

 

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған