• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ

26.03.2025
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Биылғы ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Сондай-ақ, байқау ережесіне «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізілмек. Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады. Бұл жайында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025
ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

ПРЕЗИДЕНТ: «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ АЯСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕСІН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫЗ»

07.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ 2040 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА МӘН БЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ»

07.10.2025

– 2024 жылдан бастап Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өткізіліп келеді. Өткен жылы барлық аудан-қалалардан байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан елді мекендер ішінен жеңімпаздар анықталып, ережеге сай облыстық бюджеттен өңірлерде биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржылар қаралды. Атап айтар болсақ, өткен жылы жеңімпаз атанған Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылында құны 500 млн теңгеге — Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілсе, 2-орынға жайғасқан Шардара ауданындағы Көксу ауылында 120 млн теңгеге 2 қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, үйірмелер орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында 37,8 млн теңгеге шағын спорт және балалар ойын алаңшасы, Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 26 млн теңгеге балалар ойын алаңының құрылыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі,- деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Ерлан Бақытжанұлы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама аясында құрылған «Jas Turkistan» волонтерлік ассоциациясының атқарған жұмыстарымен таныстырды. Ұйымға ерікті топтар мен бастамашыл ұжымдар біріктіріліп, волонтерлікті дамыту бағытында облыста 6 бағыттан тұратын ауқымды акциялар өткізілген. Нәтижесінде 208 сенбілік өткізіліп, шараларға 200 мыңға жуық жас атсалысқан.

Сондай-ақ, брифингте Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде биыл өткізілетін іс-шараларға тоқталды. Атап айтқанда, облыс аумағында 7 263 іс-шара бекітілген. Жоспарға сәйкес, әр күнде 30-40 елді мекенде тазалық жұмыстары ұйымдастырылмақ. Нәтижесінде аптасына 180-200 елді мекенде сенбілік шаралары жүреді.

– «Таза бастау» науқаны басталғалы бері жоспарланған 7 263 іс-шараның 528-і өткізілді. Жалпы алғанда, бүгінгі таңға дейін, 257 588 тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Қала мен ауыл көшелерін тазалауға 1 450 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 415 350 көшет отырғызылып, 5 505 тонна қоқыс шығарылды,- деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

08.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Зелёная балка: ещё восемь семей получили новые квартиры

07.10.2025
КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

КӨКСАЙ: 8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

07.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған