• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот отырысы хатшысының сот жүйесіндегі рөлі

06.11.2024
in Құқық-заң
Сот отырысы хатшысының сот жүйесіндегі рөлі

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасының дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, азаматтық және қылмыстық істерді рәсімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды.

Соттың хатшылары азаматтық және қылмыстық істерін жүргізуді, азаматтық кодекс, азаматтық процесстік кодекс, қылмыстық процесстік кодекс және тағы басқа салаларға қатысты заңдарды неғұрлым терең игеруге зор мүмкіндік алып, өздерінің кәсіби және зияткерлік деңгейін жетілдіреді.

Сондай-ақ, сот отырысының хатшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, сот кеңселері туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары заң білімі бар не мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақтылы лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда, заң мамандығы бойынша арнаулы-орта білімі бар адам тағайындалады.

Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтарымен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Ал, мұның барлығына жауапты сот отырысының хатшысы. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да.

Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазба арқылы жазылып дайындалады. Барлық сот процесстеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу – судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмайды.

Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері де ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауы қажет.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

Сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын екендігіне талас жоқ. Жалпы, судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты.

А.КОЖАБАЕВА,

Шымкент қаласының

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман сот мәжілісінің хатшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған