• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот мемлекеттік биліктің бір тармағы

17.10.2024
in Құқық-заң
Сот мемлекеттік биліктің бір тармағы

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын қадағалап, әділдік принциптерін жүзеге асыратын орган – сот жүйесі.
Сот жүйесі – бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады.
Тәуелсіздік алғаннан соң еліміздің сот жүйесінде тың реформалар жүргізіліп, оның тиімділігін арттыруға бағытталған түбегейлі шаралар жүзеге асырыла бастады. Әсіресе, қоғам мен азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастың реттілігін әлемдік талаптармен байланыстыру қажеттігі туындады.
Сот жүйесін одан әрі дамыту дербес, тәуелсіз сот құру – жүргізіліп отырған сот реформасының басты мұраты. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясында мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы және өзге де заңдармен айқындалған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сот – мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот төрелігі процестерді ізгілендіру, гуманизация мәселесін алға шығарудағы медиациялық әдіс игілікті іске айналып келеді.
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанды» құру үшін түсінікті әрі әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек. Бұл саясат санасыз шенеуініктердің жөнсіздігіне жол бермейді. Өйткені, жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой түзейтін болды. Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы деген түсінік орнығуда. Осының салдарынан жақындарына да, мемлекетке де масыл болуда. Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп, алақан, жаюдан арланбайды, тіпті жергілікті билікке қоқан-лоқы көрсетуденде тайынбайды,-дейді.
Енді осындай көптеген жүгенсіздікті ауыздықтау үшін Президент биылғы Жолдауында құқық қорғау институттарын күшейту мәселесіне ерекше тоқталып, Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа алмастыру туралы бастама көтерді. Мұндағы басты мәселе заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет құру қарапайым халықтың сот билігіне сенімін арттырудан көрінеді. Бұл орган заңға көз жұма қараған жоғары лауазым иелерінің қаулы-қарарларын жоққа шығарып, өздерін жауапқа тарта алады. Ал бұған дейін елдегі құқық нормаларына кәсіби баға беріп, түсіндірме жұмыстарына жүргізумен Конституциялық кеңес айналысып келген. Алайда бұл орган қарапайым азаматтардың талап-тілегін уәжесіне құлақ аспады.
Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асырады. Басқа органдар мен тұлғалар судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот билігінің заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін шығармайды, атқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отырған нақты істер мен дауларды шешеді.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республикасының Конституциясында және заңдарда көзделген құқықтарға, бостандықтары мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесі де көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кездегі сот жүйесі ашық, жариялы жүйе ретінде қалыптасты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қыркүйекте «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағытты» атты халыққа кезекті Жолдауын жасаған еді. Одан бері де бір жыл өтті. Жолдауда сот реформасына қатысты да бірқатар мәселелер айтылды. Мемлекет басшысы Жолдауда: «Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды» деп баса айтты.
Президентіміз де әрдайым жиі қайталап отыратын бір дүние бар: әділдік және адалдық болуы керек. Адал азамат қалыптастыру маңызды екенін айтады.
Конституцияға сәйкес биліктің бір тармағы – ол сот билігі болып табылады. Және де осы сот билігіндегі реформалар мемлекеттегі заңдылық пен әділдікке өте қатты әсер етеді.
Жолдауды орындау бағытында бізде арнайы кассациялық сот құрылып отыр. Кассациялық сот дегеніміз – қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша үкімнің заңдылығын қайта қарауға мүмкіндік беру. Жергілікті жерде қалалық немесе аудандық соттың шешіміне не үкіміне риза болмаса, тараптар аппелляцияға барады. Апелляциядан кейін кассацияға келген кезде бір ғана судья тараптарды шақырмай, «кассациялық алқаға беруге негіз жоқ» деп жарты бет қаулы шығарып қайтарып жіберетін еді. Ал кассациялық соттар құрылғаннан кейін тараптар оған шағымдарын айта алады. Өңірлерде шыққан сот үкімінің заңдылығын жоғарғы сатыда қайта қарауға мүмкіндік алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірқатар салада маңызды өзгерістер болып жатыр. Ол экономика және әлеуметтік салада, сосын сот тармағында іске асырылуда. Бұл реформа әлі де жетілдіріле түседі деген ойдамыз. Президент бұл мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Сот саласында түбегейлі реформалар орын алып, елеулі өзгерістер болып жатуы – осының дәлелі.
Қамшыбек АНАРБАЕВ,
Шымкент қаласының
мамандандырылған тергеу сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған