• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 21 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТАЕКВОНДОШЫЛАР АЛБАНИЯДАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

01.10.2024
in Без рубрики
ТАЕКВОНДОШЫЛАР АЛБАНИЯДАН 5 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық, әуесқой спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын өзінің биылғы Жолдауында да атап айтты. Өйткені спорттың қай түрі болсын адамның денсаулығын сақтауға, шынықтыруға әсер етумен қатар еліміздің беделін халықаралық аренада көтеруге де көмектеседі. Сондықтан да елімізде, оның ішінде Түркістан облысында да спортқа жасөсіпірімдерден бастап қызығушылық тудырып, тиянақты айналысуына ынталандыру арқылы мықты спортшылар тәрбиелеуге маңыз берілуде. Облысымызда аудандық, облыстық, республкалық жарыстарға қоса халықаралық турнирлерде де жерлестеріміз жүлделер алып жүр.
Албания мемлекетінің Тирана қаласында таеквондодан «Albanian Open G1» рейтингілік халықаралық турнирі өтті. Турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте үздіктер қатарында болды. Ортақ жеңіске Түркістан облысының спортшылары да қомақты үлес қосты.
Халықаралық жарыста ел намысын қорғап, жеңімпаз атанған спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде еншіледі. Дүбірлі сында 87 келіде Нұрлан Мырзабаев бірінші орын алса, 63 келідегі Аманбол Бегімбетов пен 74 келіде бақ сынған Мақсат Орынбасар күміс медаль жеңіп алды. Ал Әзірет Дүйсенбек (58 келі) мен Асқар Өтеген (63 келі) қола медаль еншіледі. Спортшыларды білікті бапкер Ренат Құралбаев баптады.
Шахмат сияқты интеллектуалды спорт түрін облыста дамытуға көңіл бөлінуде. «Шахмат керуені» жобасы аясында Созақ ауданының ашық біріншілігі өтті. Ашық біріншіліктің алауын жаққан Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы Маманов «Шахмат – адамның ақыл-ой ұшқырлығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдауға ынталандыратын спорт түрі. Сондықтан Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде инттелектуалды ойын – шахмат өнеріне ерекше көңіл бөліп отыр.» дей келе, шаршы тақта шеберлеріне сәттілік тіледі.
Созақ ауданының Ардагерлер кеңесі төрағасы Қабылбек Аманбекұлы Еспенбетов «Шахмат — спорт қана емес, үлкен өнер, мәдениет. Интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы ролі де зор.» деді. Дүбірлі доданы ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Халықаралық дәрежедегі шахмат жаттықтырушысы Қуанышбек Жұмадуллаев, «Интеллектуаллы ұлт» жобасының авторы Балтабек Түйетаев сөз алып, шахмат спортының бұқаралығын арттыра түсуге шақырды.
Дүбірлі дода жүлделерін ересектер арасында: 1-орын Тастанбек Абылай, 2-орын Ерболатұлы Еркебұлан, 3-орын Қанжарбай Медеу бөлісті.
Ардагерлер арасында: 1-орынды Рабиев Толқын, 2-орынды Джумадуллаев Қуанышбек , 3-орынды Құдайберген Бақыт қанжығаларына байлады.
Ал командалық сайыста 1-орынды «Карлсон» командасы, 2-орынды «Альфа» командасы, 3-орынды «Каспаров» командасы еншіледі.
Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай, Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы өтті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге Шардара, Келес, Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 10 командада 100-ге тарта спортшы өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға Сайрам ауданының құрамасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орынды Шардара ауданының құрамасы алып, чемпион атанды. Сондай-ақ өзінің шапшаңдығымен және ептілігімен көзге түскен Сайрам ауданы құрама командасының спортшысы Махми Жұмантаева спартакиаданың «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтарымен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылды

Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылды

17.08.2025
Субботники в рамках акции «Таза Қазақстан» в Абайском районе

Субботники в рамках акции «Таза Қазақстан» в Абайском районе

16.08.2025
Абай ауданының инженерлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамуда

Абай ауданының инженерлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы дамуда

15.08.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қала әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу фактісі бойынша үкім жарияланды

Қала әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу фактісі бойынша үкім жарияланды

21.08.2025
Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқығын қорғауда

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің құқығын қорғауда

21.08.2025
ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

20.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған