• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 19 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті

30.09.2024
in Басты ақпарат
«Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті

Қасиетті Түркістан қаласы қазақтың ғана емес түркі халықтарының рухани астанасы ретінде руханият пен мәдениеттің, өнердің орталағына айналып келеді. Мемлекеттік идгологиялық саясат негізінде киелі Түркістан қаласына таяуда ерекше статус берілуінің өзі оған деген ерекше көзқарасты білдіреді. Қазақ халқы үшін де бұрынғы қасиеті қайтып жаңғырып келе жатқан қалада ұлтымыздың рухани-мәдени , өнерге деген рухын көтеру мақсатында, Түркістан қаласының қасиеті мен киелілігін насихаттау үшін республикалық мәні зор көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Күні кеше Түркістан қаласында республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті. Екі күн бойы еліміздің әр өңірінен келген 18 үміткер бақ сынады. Салтанатты марапаттау рәсімінде қатысушылардың өнері бағаланып, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз марапатталды.
Әділ қазылар шешімімен Қостанай облысынан келген Айдар Жазықпаев Гран-при иегері атанды. Жүлделі І орын Маңғыстау облысының қатысушысы Луиза Нұрқуатқызына, жүлделі ІІ орын Алматы облысынан келген Үби Досжанға, жүлделі ІІІ орын Солтүстік Қазақстан облысының үміткері Әбілдә Махамбетәлиге бұйырды. Ал Түркістан облысынан қатысқан Ерік Төленов пен Мейірімхан Назарханов, қарағандылық Қуандық Шалқарұлы, Жетісу облысынан Ақбота Сабыржанова байқау дипломаттары атанды.
Ән додасында 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, басқа республикалық, ұлттық ән байқауларында жетістікке жеткен таланттар екі музыкалық шығарма орындады. Алғашқысы Қазақстанның танымал композиторларының әнін авторлық аранжировкада, екіншісі өзі таңдаған вокалды аспаптық ансамбльдің сүймелдеуімен орындады.
Түркістанның өз қолтаңбасына айналған байқауға Маржан Арапбаева, Бағлан Омаров, Қайрат Баекенов, Мархаба Сәби, Қайрат Мырзахан және Baitanat, Мейіржан Алиакбаров қазылық етті. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне, музыкалық сүйемелдеудің жазылу сапасына баса назар аударды.
Айта кетейік, биыл ән додасы Түркістан облысының мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Түркі әлемінің туристік астанасына айналған киелі өңірдің рухани-туристік әлеуетін одан әрі танытатын байқаудың негізгі мақсаты – шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, олардың өнеріне қолдау көрсету, рухани және мәдени құндылықтар алмасу, қазақ музыкасын насихаттау. Осы бағыттағы мәдени іс-шаралар қатары әрі қарай жалғасады.

Оқи отырыңыз...

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

18.08.2026
ҚҰРЫЛТАЙ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

17.08.2026
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

17.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

19.08.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНЕН ЖИНАЛҒАН МИБ, ПИК ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН САРАПШЫЛАРМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНЕН ЖИНАЛҒАН МИБ, ПИК ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН САРАПШЫЛАРМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

19.08.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНЕН ЖИНАЛҒАН МИБ, ПИК ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН САРАПШЫЛАРМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНЕН ЖИНАЛҒАН МИБ, ПИК ТӨРАҒАЛАРЫ МЕН САРАПШЫЛАРМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

19.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған