• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЭС САЛУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІ ШЕШІМ

20.09.2024
in Басты ақпарат
АЭС САЛУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІ ШЕШІМ

Соңғы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жоладуынан соң АЭС салу мәселесі қызу талқылануда. Алайда Қазақстанда АЭС салу мәселесі 1997 жылдан бері көтеріліп келеді. Естеріңізде болса Маңғыстаудағы ескі АЭС орнына жаңа АЭС салу бірнеше рет көтерілген болатын. 2006 жылы Ресей ВБЕР-300 реакторын орнатуды ұсынды, бірақ жоба жүзеге аспады. 2014 жылы жапондық Toshiba компаниясы AR-1,000 реакторын, француздық Areva компаниясы EPR реакторын салуды ұсынды, бірақ келіссөздер нәтиже бермеді. 2020 жылы АЭС құрылысы тағы да талқыланды. Бұл жолы Ресей Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында қуаты 1,200 МВт-қа дейінгі реактор салуды ұсынды. Алайда бұл идеяны қолдаушылар да, қарсы болғандар да бар. Яғни АЭС салу бір күнде қабылданатын шешім емес. Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру жолында көптеген шаралар қолға алынып, Үкімет жобаларды ұсынуда. Алайда, осы ретте шетелдік компанияларды инфестор ретінде қызықтыру үшін ең әуелі электр қуаты мәселесін шешуіміз қажет. Яғни шетелдік алпауыт компаниялар, түрлі брендтер Қазақстанның территориялық мүмкіндіктеріне қызыққанымен үлкен завод, өнеркәсіп орындарын тұрғызу үшін электр қуаты тапшы екені жасырын емес.
Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін АЭС құрылысын бүгіннен бастау қажет. Алдағы жылдары электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін. Қазақстан қазірдің өзінде Ресейден электр энергиясын импорттап отыр, бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан жыл сайын қуатты 500 МВт-қа арттыру қажет. Ал АЭС салу экономикалық тұрғыдан тиімді болатыны сөзсіз. АЭС салудан қорқудың қажеті жоқ. Дамыған елдердің қайсысын алып қарасаңыз да олар осы АЭС арқылы өз қажеттіліктерін шешіп отыр. Мәселен, АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 56, Жапонияда 12, Ресейде 36 және Оңтүстік Кореяда 26 АЭС орналасқан. Біздің айтып жүргеніміз ойдан құрастылған жаңалық емес, дамыған мемлекеттерде әлқашан жұмысын бастап, тәжірибесі бекітілген станция. Дәл қазір Түркия елінде 4, Қытайда 8 АЭС салынуда. Сондықтан да алдағы уақытта халық саны артқан сайын электр қуатына да сұраныс артатыны түсінікті жағдай. Мемлекет басшысы осы ретте референдум өткізу туралы шешім қабылдап, халықтың пікіріне жүгінуді жөн санап отыр. Бұл өте орынды шешім деп ойлаймын.

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған