• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 10 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

16.09.2024
in Басты ақпарат
АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері бас қосты. Жиынға штаб мүшелерінен бөлек, іскер әйелдер қауымдастығының, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңестің өкілдері және кәсіпкерлер қатысты. Онда атом электр станциясына қатысты түсіндіру шараларын күшейту және нәтижелі жұмыс көрсету мәселелері талқыланды.
Шымкент қалалық халықтық штабтың төрағасы Бахадыр Нарымбетов АЭС-ке қатысты түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл жобаның Қазақстанның ұзақ мерзімді табысты дамуының кепілі екенін атап өтті. Ол атом энергетикасының тиімділігін және экологиялық таза сипатын ерекше атап өтті.
«АЭС құрылысы – еліміздің болашағы үшін маңызды жоба. Бізге осы жобаның артықшылықтарын халыққа дұрыс жеткізу керек. Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан және 2 пайызы күн, жел мен судан өндіріледі. Оның үстіне, еліміздегі энергетика бағытындағы инфрақұрылымның жартысынан астамының тозығы жеткен. Соның салдарынан өңірлерде энергия тапшылығы байқалып жатыр. Әсіресе еліміздің Оңтүстігіндегі өңірлерде жыл өткен сайын проблема үлкейіп барады.», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті Рамиль Ильясов АЭС туралы ғылыми түсініктеме беріп, бұл жобаның жел, күн электр станцияларға қарағанда тиімді тұстарын жеткізді. Ал, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова елдің демографиялық, экономикалық жағдайы жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын, мұндай жағдайда электр қуатын тұтыну көрсеткіші өсе беретінін еске салды. Оның сөзінше, қазіргі таңда АЭС мәселесі дер кезінде көтеріліп, нақты қадамдар жасалып жатыр.
Өз кезегінде «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев штаб мүшелерін референдум науқанында белсене жұмыс істеуге шақырды. Үгіт-насихат жұмыстарына қатысты мәселелерді «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып», ақылдасып шешуге үндеді.
Айта кетсек, 6 қазан күні өтетін АЭС салу жөніндегі референдумға байланысты еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Штаб құрамында 6 саяси партия мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі бар.

Оқи отырыңыз...

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.07.2026
Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

Түркістан: «Құрылтай-2026» саяси шарасына дайындық жүйелі жүргізілуде

09.07.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫНЫҢ 21-ШІ КӨРМЕСІНІҢ БАС ҚОНАҒЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫНЫҢ 21-ШІ КӨРМЕСІНІҢ БАС ҚОНАҒЫ

09.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

10.07.2026
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

10.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

10.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған