• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

14.09.2024
in Басты ақпарат
АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы биылғы қазақстандықтарға жолдауында өзінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өткенін айтты. «Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгеріп, пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады» деп халық пен билік тармақтары арасында қарым-қатынас пен диалогтың басқа қалыпта жүзеге асырыла бастағанын, оны алдағы кезде жетілдіре түсу қажеттігін де айтты. Түркістан облысының қала, аудандарында жергілікті билік өкілдері тұрғындармен кездесулер, жеке қабылдаулар өткізуді жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді.
Отрар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге байланысты тиісті бөлім мен мекеме басшылары қатысып, қойылған сұрақтарға өзектілігіне қарай жауап берді.
Аудан әкімінің қабылдауына 6 азамат тіркелген. Тіркелген тұрғындардың өтініші мен ұсынысының дені жер телімі, жол жөндеу, жарықтандыру, тұрғын үйге газ тарту, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайы мен денсаулығы бойынша көмек, көшеге асфальт төсеу секілді бірқатар мәселелер бойынша болды.
Әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берген аудан әкімі
жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлімның жауапты қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді. Ал, өзге де мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар аудан басшысына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін айтып, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендер әлеуметтік қолдау, жер мәселесі, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру, кәріз жүйесі бойынша жүгінді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әр мәселеге жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп, мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Мұнымен қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда бір азамат Келтемашат ауылдық округінен балық шаруашылығын дамытуға жер телімін заңдастыру мәселесімен жүгінсе, аудан орталығынан келген зейнеткер ана жер кезегінде тұрған балаларының өтінішін қанағаттандыру мәселесімен жүгінді.
Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған Нұржан Жақсылықұлы, өтініштеріне толыққанды жауап берді. Келтемашаттағы мәселені жауапты мамандарға егжей-текжейлі зерделеп, шешім қабылдауды ескертсе, аудан орталығынан келген азаматшаға жер телімі Заң аясында кезекпен берілетінің жеткізді. Бұдан бөлек тұрғын-үй, әлеуметтік мәселемен тұрғындар өтінішін білдіріп, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлықтай жауап алды.
Айта кетерлік, өткен жылдардан өтпелі болып аудан орталығы Бақыбек мөлтек ауданында жер кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында 66 гектар жерге су және электр желісін тарту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда газ тарту жұмыстары қалып отыр. Бұл жұмыстар аяқталғаннан соң 180 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға бекітілген заңнамаға сәйкес берілетін болады.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АНТЫНА АДАЛ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

АНТЫНА АДАЛ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

15.06.2025
Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: ДАМУ МЕН ЖАҢАРТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

14.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған