• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАРҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

14.09.2024
in Басты ақпарат
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАРҒА ЖАҢА АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

Мемлекеттік Жастар саясаты еліміздегі жас ұрпақты дені сау, білімді де білікті, тәлімді де тәрбиелі етіп өсіру мақсатында көптеген шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Осы мақсатта жастарға білім беру, денсаулығын сақтау, мамандық таңдап игеру, отбасы құрып, баспаналы болу сияқты өмірдегі ең қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге көптеген бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Оларды іске асыруда жергілікті атқарушы органдарға Жастар ресурстық орталығы жәрдемдесуде. Жастар ресурстық орталығы мемлекеттің жасұрпаққа арналған саясатын ғана емес жалпы мемлекеттік идеология мен барлық бағыттағы саясатын да жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді.
Киелі Қазығұрт ауданы жалпы елімізге көптеген жақсы жақтарымен танылған. Сонымен қатар, қасиетті Қазығұрт тауы бөктерінде талай дарындар, елім деген азаматтардың туып өскенін де жақсы білеміз. Осындай киелі мекеннің бүгінгі жастары да жалындап тұр. Оған дәлел, қазығұрттық жастардың өңірімізде, қала берді республикалық деңгейлерде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен спорттық сайыстарда жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргені десек артық айтқандық болмас.
Мәселен, биылғы жылдың өзінде Қазығұрт жастары білім саласында республикалық «FIRST» робототехника жарысында жеңімпаз атанса, республикалық “Жас Camp.Jastar Academy 2” атты жастар лагерінде 2 орын, спорттың Воркаут (турник) түрінен облыстан 1 орын, Шардара ауданында өткен жастар арасындағы облыстық жазғы ойындардан 1 орын, Жастар шыңына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық волейбол турнирінен 1 орын, Облыстық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында өткен волейбол турнирінен 2 орын, Абай күніне орай “Ұлы қазақтың — Ұлы Абайы” атты облыстық байқауында 1 орын, «Ауылдағы бір күнім» облыстық реалити шоу сайысында 1 орын, Бәйдібек ауданында өткен “Тау фест” фестивалінде 2 орынды иемденіп, әрдайым жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.
Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Қазығұрттың осындай жалынды жастарына көңіл бөліп, қолдау көрсетуді аудан әкімі Азизхан Исмаилов ешқашан ұмыт қалдырған емес. Аудан көлемінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған әрбір іс-шарасына тұрақты қатысып, жастарға бағыт-бағдар беріп жүр.
Жақында Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні туралы дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити шоу сайысы өткен болатын. Сол сайысқа арнайы қатысқан аймақ басшысы Азизхан Азимханұлы аудандық Жастар ресурстық орталығына «Газел» автокөлігін алып беретінін айтқан еді. Бүгінгі күні аудан әкімі өз қолымен аудан жастарына айтылған су жаңа автокөлікті сыйға тартып, үлкен қолдауын білдірді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов:
— Бұл жастарымыздың жеткен жетістіктері үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау. Қазығұрт жастарының алдағы уақытта да талай биіктерді бағындырарына сенімім мол, — деді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Бүкіл ел жалындаған жастарға иек артады және сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды» — деп айтып өткен болатын. Шынында, кез келген елдің болашағы жастарымен өлшенеді. Сондықтан қазығұрттық жастарға еліміз үшін еткен еңбектерінде белсенділік пен іскерлік таныта отырып әрдайым биіктерден көріне беруді тілейміз.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған