Медиация – бұл дауды реттеуге бағытталған процедура, онда екі тарап өзара келісімге келеді. Бұл тәсіл сот жүйесінде әділдік пен бейтараптықты қамтамасыз етудің бірден-бір жолы ретінде қарастырылады, яғни екі жақты қанағаттандыратын келіссөздер жүргізуді көздейді. Медиацияның мәні екі тарапты татуластыру процедурасы ретінде түсіндіріледі.
Қазақстанда медиацияның дамуы «Медиация туралы заңның» қабылдануымен тығыз байланысты, ол осы саланың негізгі құқықтық негізіне айналды. Медиация азаматтық, еңбек, отбасы және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық істер бойынша жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстарды сотқа дейінгі реттеуде қолданылады.
Медиацияның негізгі мақсаты – дауласушы тараптардың арасындағы дауды олардың мүдделерін ескере отырып, екі жақты қанағаттандыратын шешімге келу. Процесс тараптардың ерікті келісімі негізінде бейтарап медиатордың қатысуымен жүзеге асырылады. Мұнда медиатор дауласушы тараптардың бірі ретінде саналмайды.
Қазақстанда медиацияның пайда болуы «Медиация туралы Заңның» қабылдануымен байланысты, ол осы саладағы негізгі заңнамалық актіге айналды.
Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, отбасы тұрмыстық қарым қатынас сипатындағы әкімшілік дауларда, жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс санатындағы істер бойынша қылмыстық іс барысында қарастырылатын дауларда қолданылады.
Медиациялық тәртіптің мақсаты – тараптардың дауласуын болдырмай, даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде ескере кететін жайт медиатор медиация тарабы болып табылмайтынын назардан шығармауға тиіспіз.
Медиация – бұл адамның құқығына, бостандығына және өзіне деген құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және парасатты қарым-қатынастарды қалыптастыруға, әлеуметтік және өзге де дауларды шешуге қоғам санасын нығайтута багытталған әмбебап құқықтық құрал.
Медиация – тараптардың epiктi кeлісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардын өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсінген абзал. Ол екі жактың epiктілік, құпиялык, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашып, дауды шешудегі медиацияның eкі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
«Медиация туралы» заңға қол қойылуы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты мақсаты, қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады. Басты қағида еріктілік және медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады.
Соңғы уақытта халқымыз дауды шешу үшін сотқа емес, осы медиаторлар көмегіне жүгініп, оларды іздей бастағанының куәсі болып жүрміз. Бұл сіз бен біздің насихаттау бағытында атқарып жатырған жұмысымыздың жемісі деуге болады.
Тұрғындарымыз соңғы кездері соттағы дауласу бірнеше ай уақытын алатынын, қаржысы шығындалатынын түсінгендей. Бұл азаматтардың медиацияға деген оң көзқарасы, оң ортақ шешімге келуге дайын екендіктерінен, құқықтық мәдениеттің дамып келе жатқандығынан хабар береді. Жалпы, медиация қоғамдағы тұрақтылыққа жағымды әсер береді.
Халқымыз медиация рәсімі дауласушы тараптарды татуластырып, қаржылық шығынды азайтып, жылы қатынасты сақтауды, ең бастысы дауды шешудің ең ұтымды жолы екенін жете түсінуі қажет.
Медиация әдісін қолдану Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елдері қатарына кіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Алтынай ҚҰЛТАСОВА,
Шымкент қаласының
азаматтық істер жөніндегі
ауданаралық сотының судьясы.