• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 17 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ БЕС АЛТЫН ЕНШІЛЕДІ

10.09.2024
in Басты ақпарат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге «Астана Арена» стадионында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін әлемнің төрт бұрышындағы елдерден келген мемлекет басшыларымен дүниежүзілік, халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге тамашалады.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Бұдан кейін еліміздің Әнұраны шырқалды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жарысқа қатысушы мемлекеттер спортшыларының шеруі өтті. Биылғы Көшпенділер ойындарына Азиядан, Еуропадан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан, Африкадан, сондай-ақ Австралиядан спортшылар келді.Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, әлемдік ауқымда өтіп жатқан айрықша маңызды іс-шараға қатысу үшін Қазақстанға келген бауырлас мемлекеттердің басшыларына, мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғысын жеткізді.
Президент көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырған өркениет екенін айрықша атап өтті.
– Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі. Қазақ жерінен әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ғұламалар шыққан. Олар ілім-ғылымның дамуына орасан зор үлес қосты. Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды, үлкен қалалар салды. Ұлы далада Отырар, Түркістан, Тараз, Сарайшық сияқты сәулетті шаһарлар бой көтерді. Көшпенді жұрт батыс пен шығысқа көпір болып, түрлі мәдениеттің жақындасуына әсер етті. Осы жерде ежелгі Ғұн империясы, одан соң Түрік қағанаты салтанат құрды. Олардың даңқты жолын Алтын Орда мен Қазақ хандығы жалғастырды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты.
– Он жыл бұрын осы жарысты алғаш ұйымдастырған қырғыз бауырларға алғыс айтамын. Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек, – деді Президент.
Төрткүл дүниені жайлаған көшпенділер өркениетінің бай мәдениеті мен тағылымды тарихын, салт-дәстүрін паш етіп, адамзат баласын ортақ үйіміз – Жер ананы сақтауға үндеген ашылу салтанаты бірнеше эпизодқа ұласты.
Сонымен қатар салтанатты жиында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Роман Скляр, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сөз сөйледі.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:0 есебімен жеңді.
Ал, Түркістан облысының спортшылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінде ел қоржынына 5 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде салды. Атап айтсақ, Ермек Құралбаев, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай аударыспақтан алтын жүлде еншілесе, қазақ күресінен әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Тағы бір алтын жүлдені ел қоржынына жамбы атудан Батыр Бексауыт салды.
Ал жамбы атудан күміс жүлдені Айтбек Сарыбай, қола жүлдені Ералхан Айкөз еншіледі.
Айта кетейік, жарыстың екінші күні ҚР ұлттық құрамасы қоржынында жалпы 9 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

16.07.2025
Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған