2009 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңы қабылданды. Бұл заң ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік кепілдіктерді реттейді және қоғамның барлық салаларында гендерлік теңдікті қолдауға қажетті негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді. Заңда ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуінің кепілдіктері, еңбек қатынастары саласында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің қатысуы, неке-отбасы қатынастарындағы және бала тәрбиесіндегі гендерлік теңдікке қол жеткізу, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер қарастырылған.
Қазіргі уақытта еліміздегі гендерлік саясаттың басты бағыттары 2016 жылдың 6 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында» айқындалған. Осы тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстандағы гендерлік саясатты жүзеге асыру жынысқа қарамастан барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтардың тең қолданысын қамтамасыз етуге, жыныстық белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеуге, гендерлік өзін-өзі тануды қалыптастыруға және қоғамдағы гендерлік стереотиптер мен алалаушылықтарды жоюға, гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікке, қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық күш-жігерге екі жыныс өкілдерінің тең құқылы қатысуы принциптеріне негізделеді.
Гендерлік саясат әйелдерге өмірдің барлық салаларына тең қолжетімділік пен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықтар мен бостандықтарды орнатады.Гендерлік теңдік саясатының ілгерілеуі үшін әйелдердің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласуы қажет.
Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті нығайтуда қазақстандық әйелдердің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесі орасан зор, өйткені балаларды дүниеге әкелу және олардың тәрбиесі әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің елеулі бөлігін құрайды. Әйелдер отбасы құндылықтарының қорғаушылары болып табылады. Күнделікті және байқалмайтын отбасылық қамқорлық, өз жанұясы үшін жайлы жағдай жасау – бұлардың барлығы әрбір әйелдің абзал міндеті.
Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.
Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталған. Гендерлік саясат әйелдерге өмірдің барлық салаларына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері гендерлік саясатты дамытып, әйелдерге өмірдің барлық салаларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында ілгерілеуде. Экономикалық еркіндікке тең мүмкіндіктерді пайдалану, билік құрылымына ерлер мен әйелдердің теңдей қатысуы, отбасылық құқықтар мен міндеттерді теңгеру, жыныстық белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу, әйелдердің қоғамдағы рөлін дамыту – біздің елдегі гендерлік саясаттың бірегей міндеттері.
Гендерлік саясат – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Ол қоғам өмірінің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның басты функциясы – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» деп аталатын кешенді мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру.
Гендерлік теңдік деңгейінің жоғарылауы отбасы мүшелерінің әрқайсысының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік- тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындаудағы жауапкершілігі мен теңдігін арттыратынын түсінуіміз қажет.
Мейрамкул КУДАЙБЕРГЕНОВА,
Шымкент қаласының
азаматтық істер жөніндегі
ауданаралық сотының судьясы.