• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 11 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР «БИ ПАДИШАСЫМЕН» КЕЗДЕСТІ

09.09.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР «БИ ПАДИШАСЫМЕН» КЕЗДЕСТІ

Мемлекеттің Жастар саясатында жас ұрпақ жан-жақты жетілген азаматтар болып ержетуі үшін арнаулы бағдарламалар мен жоспарларға сай әртүрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі. Сондай жұмыстардың бірі жас ұрпаққа елімізге, аймағымызға танымал, өз ісінің майталманы атанған тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау болып табылады.
Түркістан қалалық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті.
Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын құдіретті би өнерін жастарға шабыт беретін рухани құндылық ретінде насихаттау. Әрі жастардың ел қадірлеген тұлғаның өмірімен танысып өнеге алуы мен соған еліктеп ертеңгі күні атпал азамат болып қалыптасып, еліне белсенді қызмет етіп, еңбек жасауына жол ашу.
Кездесу кеші би өнерінің тарихымен танысудан басталып, әрі қарай өнер иесінің шығармашылық жолы туралы тартымды тақырыпта әңгіме өрбіді. Кездесуге би падишасының замандас достары мен қаладағы белсенді жастар қатысты.
Сахна саңлағының би өнеріндегі мыңдаған шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етеді. Шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі – ұстаз. Ардақты ұстазды ел қадірлеп, шәкірттері ерекше құрметтейді.
Би өнерінің білгірі Ұлжалғас Мұстафаева кездесу барысында жастардың сұрағына жауап беріп, жетістікке жету жолындағы ұстанымдарымен бөлісті. Ел ертеңі жастарға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, баянды бақыт тіледі.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

11.08.2026
ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

10.08.2026
САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.08.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

11.08.2026
ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

10.08.2026
ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

10.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған