Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған, бұл әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыру үшін қызметкерлердің кірістерін есепке алуды жүргізуге мүмкіндік береді.
Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушысы бола отырып, патент құнын есептеуді және салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді табыс алғанға дейін де алдын ала (аванстық) беруден босатылады. Қосымшамен есептелген жеке табыс және әлеуметтік салықтардың сомаларын электрондық үкіметтің төлем шлюзінде жарияланған Халық банкінің сервисімен интеграцияны пайдалана отырып, мобильді қосымшада тікелей төлеуге болады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қосымшада салық әмиянының сервистері (оның ішінде қарызды қарау және өтеу, артық төлемді басқару бойынша), Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар хабарламаларын алу, сондай-ақ оңайлатылған тәртіппен ЖК қызметін тоқтату сервисі қолжетімді. Қолданба «Play Market», «App Store» және «App Gallery»дүкендерінде қол жетімді.
Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген салық төлеушілер бойынша ақпарат алу: Шымкент қ., Байтұрсынов көш. 68 үй, тел. 36-71-14 немесе http://kgd.gov.kz сайты;
П.СЕРИКБАЕВА,
Еңбекші ауданы бойынша МКБ-сы
салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.