Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы басталған болатын. Бір ай көлемінде өткізілген тазалық шараларына еліміздің әрбір өңірі атсалысты. Түркістан облысы да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Акция аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтті. Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті. Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді.
«Акция басталғалы 74 мыңға жуық тұрғын мен 1 700-ге тарта техника сенбіліктерге жұмылдырылып, 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 мың шақырым жолдардың бойы тазартылып, өңір бойынша 150 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңға қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазарту бойынша жыл соңына дейінгі 984 іс-шара жоспары бекітілді. Сонымен қатар, акцияға орай дәстүрлі «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы басталды. Онда әр ауыл өз тазалығымен, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен сынға түседі», — деді Руслан Орынбекұлы.
Бұдан бөлек, акция басталғалы қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 11 мыңнан аса хаттама толтырылып, 150 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ЭКОАКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» В ЭТОМ ГОДУ ПРОЙДЕТ ОКОЛО 2400 МЕРОПРИЯТИЙ
По поручению Главы государства в стране началась экоакция «Таза Қазақстан». Каждый регион страны принимал участие в месячных мероприятиях по уборке. Туркестанская область также не осталась в стороне от этой меры. В рамках акции прошли недели «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл Аймак», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ». В общей сложности в течение 5 недель ежедневно проводились работы по благоустройству, озеленению и санитарии. В целом по области в рамках акции проведено 1 408 масштабных мероприятий. Об этом на брифинге сообщил руководитель областного управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Руслан Муздыбеков.
«С начала акции около 74 тыс. жителей и около 1 700 единиц техники были задействованы в субботниках, вывезено около 4 тыс. тонн мусора. Также расчищено 18 тысяч километров дорог, высажено около 150 тысяч саженцев деревьев по региону. На сегодняшний день утверждено 984 плана мероприятий по благоустройству, озеленению и очистке территорий городов и населенных пунктов до конца года. Кроме того, в честь акции стартовал традиционный областной конкурс «Образцовое село». Там каждый поселок будет бороться со своей чистотой, озеленением и благоустройством», — сказал Руслан Орынбекулы.
С начала акции в общественных местах было составлено более 11 тысяч протоколов и наложено штрафов на сумму 150 миллион тенге.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области