• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 3 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ҒАНА СЫН САҒАТТА ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚҚА ДА ТӨТЕП БЕРЕДІ

25.04.2024
in Руханият
БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ҒАНА СЫН САҒАТТА ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚҚА ДА ТӨТЕП БЕРЕДІ

Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.
«Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады», — деді Президент.
Мемлекет басшысы халқымыз өте ауыр сынаққа тап болғанын баса айтты.
«Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар — бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созып жатқанына назар аудартты.
«Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы — балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы әзірбайжан этномәдени бірлестігі су тасқынынан зардап шеккендерге 2,5 млн.теңгеге азық-түлік жіберді.
Бұл ретте, әр игі ісіміз бен қайырымдылық жолындағы әрекетіміз өміріміздің мәнін арттыра түседі. Жиналған гуманитарлық көмекті су басқан өңірлерге жіберу арқылы қайырымды әрекет жасап қана қоймай, қиын жағдайға тап болған жандарға үміт сыйлап, қолдауымызды көрсеттік. Бұл бастамамыз зардап шеккен отбасылардың қиындығын аз да болса жеңілдетуге, бұл жағдайды жеңіп шығуға күш береді деп сенеміз.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

03.06.2025
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024

Рамилия Мустафаева,
Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ПРОАКТИВТІ ТҮРДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

03.07.2025
ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ  ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 134 АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған