• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДЫҚ БЕС КЕСЕЛДІ ЖОЮҒА БҮКІЛ ЕЛ ЖҰМЫЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

25.04.2024
in Руханият
ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДЫҚ БЕС КЕСЕЛДІ ЖОЮҒА БҮКІЛ ЕЛ ЖҰМЫЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті.
Сессияда Мемлекет басшысы өзекті мәселелерді көтерді. Өз сөзінде Президент әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсаратынын ерекше атап өтті.
«Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Бұл – болашақта не боларын болжап білу мүмкін емес, қазіргідей алмағайып әлемде аса маңызды мәселе. Ассамблея этносаралық коммуникация орталықтарын дамытумен және осындай жаңа орталықтар ашумен айналысады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап, еріктілерді және жергілікті бірлестіктерді ынталандырумен шұғылданады», — деді Президент.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қазір елге қауіп төндіріп тұрған бес кеселге тоқталғанын еске салды.
«Ассамблея нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Біз балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент оған ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлығы атсалысуы керектігін баса айтты.
«Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады». Сол сияқты кішігірім әрекеттер ауқымды өзгерістерге жол ашады. Әр адамның ой-санасы және мінез-құлқы жақсарса, тұтас қоғам жақсарады. Мақсат-мұраты биік болса, елдің рухы да биік болады. «Адал азамат» болу аса маңызды. Бір сөзбен айтсақ, келеңсіз үрдістерден жай ғана жирену жеткіліксіз. Оны жоюға да белсене атсалысу керек», — деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген сөзі еске түседі. Ұрпағымызды жастайынан дұрыс тәрбиелеп, ысырапшылдық, зорлық-зомбылық, нашақорлық пен құмар ойындарына деген әуестіктің алдын алу — біздің басты міндетіміз.

Оқи отырыңыз...

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

28.01.2026
БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚҰНЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚҰНЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

28.01.2026
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ

27.10.2025

Юлдаш Султанов,
Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ НЫҒАЙТЫП, БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗ

13.03.2026
ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

13.03.2026
Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын   

Референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге толық дайын  

13.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған