Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Елімізде дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселе ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің бұдан ары өркендеп дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі.
Дін – адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтары. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Алайда, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады. Қандайда бір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни бірлестіктердің жұмысын қадағалаушы. Қазіргі күні діни мәселелерге қатысты мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралардан, қоғамымызда орын алған кейбір келеңсіз жағадайларға немқұрайлы қарамайтынын байқауға болады.
Әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялағаны белгілі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Сонымен қатар Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктерге жол бермейтіндігі көрсетіліп кеткен. Ал Дүние жүзінде 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің зайырлы сипаты дінді жоққа шығару емес. Зайырлылық адамның діни сенімге бостандығын мойындау, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындау. Қазіргі таңда еліміздегі зайырлылық адами құндылықтарды басты орынға қоюдан, ар-ожданы мен сенім бостандығын еркін ұстануды заң тұрғысынан қарастыруы…