• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

25.04.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цоймен кездесіп, өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Орталық басшысы жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне жоғары баға берді.
Кездесу нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі мен Медициналық орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік береді.
– Біздің өңірде халық тығыз орналасқаны белгілі. Еліміздегі әрбір төртінші көпбалалы ана осында тұрады. Әрбір алтыншы-жетінші сәби де біздің өңірде дүниеге келеді. Соңғы бес жылда өзге көрші өңірлерге 484 мың адам қоныс аударған. Сондықтан Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау мен білім саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Өңірде бірқатар жаңа медициналық нысандар бой көтеріп жатыр. Оңтүстік аймақтарда 1 миллионға жуық халық тұрады. Облыс орталығына жету алыс. Сондықтан халыққа шекара асып, көрші елдерде емделу тиімді болып тұр. Біз өз тұрғындарымызға жоғары сапалы дәрігерлік көмек беруге күш салуымыз керек. Осы мақсатта Президентіміздің тапсырмасымен Сарыағашта перинаталды орталық салынады. Медициналық кешенде перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Медицина саласын жетілдіру үшін мамандар арасындағы біліктілікті арттырып, озық тәжірибе мен технологияларды жаңартуға басымдық беріп отырмыз. Осы тұрғыда сіздермен бірлесіп жұмыс істеу маңызды, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
«ҚР Президент Іс басқарамасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері» 23-26 сәуір аралығында өтеді. Медициналық орталықтың үздік мамандары аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды.
Екі күн ішінде нейрохирургия, кардиология, аллергология, урология, пульмонология, эндокринология және ортопедия саласында 200-ден астам тегін кеңес берді. Сондай-ақ бұрын-соңды болмаған 13 күрделі операцияны сәтті аяқтады. 400-ден астам тыңдаушының қатысуымен аймақ дәрігерлеріне арналған 28 презентация мен шеберлік сабақ өткізді.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, әлемдік стандарттарға сай озық технологияларды трансферттеу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру.
– Мемлекет басшысы елімізде денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыт-бағдарын айқындап берді, ол үшін еліміздің әр азаматы озық технология мен әлемдік стандартқа сай сапалы медициналық көмекпен қамтылуға тиіс. Біздің мақсатымыз – екі жақтың дәрігерлерінің арасында кәсіби тұрғыда байланыс орнату. Біліктілікті арттыру. Бұл жолы ғана емес, жүйелі түрде жан-жақты қолдау. Жаңа технологияларда жұмыс істеуді үйрету. Түркістан облысының дәрігерлері ізденімпаз, медицинадағы жаңа әдіс-тәсілдерді тез үйреніп алуға бейім. Көптеген күрделі оталарды жергілікті дәрігерлер де өте жақсы жасайды. Ол үшін алысқа барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Озық технологиялар да жеткілікті. Бұл бағыттағы өңірдің әлеуеті жоғары. Кадр жасақтау, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, халықпен жұмыс істеу, дәрігерлік этиканы көтеру бойынша жұмыстарға басымдық беріледі. Мұның бәрі медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі, – деді өз сөзінде Алексей Цой.
Қазақстан өңірлерінде өткізілетін іс-шараларды облыс әкімдіктері мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдастырды. Биыл Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Медициналық орталық – Қазақстандағы беделді денсаулық сақтау бренді және озық технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып, сапа мен сервистің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін медициналық, оңалту және білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынатын әрі азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған ірі холдинг.
Түркістан облысына сапары аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы бастаған делегация өңірдің бірқатар медициналық мекемелерінде болып, дәрігерлермен кездесуде. Еліміздің үздік ауруханаларының қызметі туралы жан-жақты айтып, облыстағы әріптестерімен медицина саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған