• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 22 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

НАШАҚОРЛЫҚҚА САЛЫНУ – БОЛАШАҒЫҢА БАЛТА ШАБУ (-2-)

24.04.2024
in Руханият
НАШАҚОРЛЫҚҚА САЛЫНУ – БОЛАШАҒЫҢА БАЛТА ШАБУ (-2-)

Ғұлама Ибн Хажар әл-Мәккидің «Фатауа-и Исламия» атты еңбегінде адам денсаулығы мен қоғамға келтіретін ауыр зиянның 120 түрі көрсетілген. Абу Дауд риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Ойды мас қылып, тұншықтыратын нәрсенің бәрі харам»,- деп ескерткен. Ибн Сирин (р.а.) былай деген: «Өзін-өзі құрдымға тастау – Алланың мейірімінен үмітсіздіктің белгісі». Имам Бухарида келген құдси хадисте: «Құлым өзін-өзі өлтіруге асықты және берген өміріме маған шүкіршілік етпеді. Сондықтан мен оған жәннатты мәңгілікке харам еттім»,- делінген.
Бір сөзбен айтқанда, нашақорлық кез келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен кедергі болып табылады. Дені сау адам таңертең ертерек тұрып, жуынып, таңғы жаттығуларын жасап, тамақтанады, жұмысына барады. Бір күндік уақытын достарымен немесе жанұясымен қызықты өткізеді. Өзі қалағанындай кез келген нәрсемен айналысып, уақытын текке жібермейді. Ал нашақор адамды алатын болсақ, ол әдеттегідей тәуелділігімен, сол есірткіні іздейді де тұрады. Бір күндік өмірі басқалардан ақша талап етумен, есірткіні қалай да тапсам деген ойлармен ғана өтеді. Басқаларды ұмытып, өз әлемінде ғана өмір сүреді. Бұл өмірлердің қайсысы жақсырақ деп ойлайсыз? Есірткіге құмар адамдардың қылмыстық істердің ауыр түрлеріне баруы жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Осы қатермен күресудің негізі – есірткінің таралуы мен қолданылуына шек қою. Сонымен қатар, тәуелді ететін есірткі заттарының рух және тән саулығына келтіретін зияндары жайлы кеңінен ақпарат беру. Отбасы қатынастары және қоғамдық байланыстар тұрғысынан жағымсыз нәтижелерге көзінің жетуін қамтамасыз етіп, зиянды заттарды ұсынғандарға қалай «жоқ» деп айту керектігін үйретуіміз қажет. Ең бастысы, жастарға зиянды заттар мен оларды қолданудың нәтижелерін түсіндіргеннен қорықпау керек. Түсіндірме жұмыстары арқылы олардың қызығушылығы артып кетпейді. Керісінше, дұрыс мәліметі болмаса әсіре күшейтілген өтірік мағлұматтар оны еліктіріп, қызықтырып әкетуі бек мүмкін. Сондықтан бұл зұлымдыққа тойтарыс беру әрқайсымыздың міндетіміз.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

17.09.2025
Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

17.09.2025
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

17.09.2025

Б.Шаймерден
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің
маманы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

21.10.2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

21.10.2025
В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

21.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған