НАШАҚОРЛЫҚҚА САЛЫНУ – БОЛАШАҒЫҢА БАЛТА ШАБУ (-1-)

Қазіргі уақытта кейбір адамдар өміріне, мүлкіне, қоғамдағы жағдайына үлкен зиян келтіретін аурулармен ауырады. Соның бірі – «ғасыр обасы» атанған нашақорлық дерті. Нашақорлық адамды Құдай бұйырған адал өмірден айырады, отбасын құрдымға кетіріп, денсаулығына ауыр зиян келтіреді де қылмыстың жолына түседі. Атап айтқанда, қарапайым ойын-сауық, қарапайым қызығушылық, жастардың «дәмін татуы» кейіннен оған толық құмарлыққа апарады.
Жастар арасында нашақорлықтың таралуы ересектер арасында таралудан да қатерлі екені белгілі. Халықтың бұл бөлігі есірткіге тәуелді болған сайын қоғамның болашағына қауіп төнеді. Тәжірибе көрсеткендей, нашақорлықтың алғашқы қадамы 11-17 жастағы жасөспірімдер арасында жиі байқалады. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорықпайды. Нашақор үшін өлім – өмір сүрудің мәнін жлғалтудан бастау алады. Жастар психологиясына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың орта іздейтіндігі, өзіне ұқсас жолдасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген.
Ислам дінінде өзіне және өзгеге зиян келтіру қатаң түрде айыпталған. Ал есірткіге тәуелділік – екі жағдайда да адамзат баласына орны толмас қайғыға душар болуына себеп саналатын лас әрекет. Алла Тағала адамға ненің зиянды, ненің пайдалы екенін сезініп, құрдымға кетіретін істен бойды аулақ ұстауы үшін ақыл мен ой қабілетін дарытқан. Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт»,- деген. Сондықтан да 500 Internal Server Error

Server Error

500

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request. Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error. More information about this error may be available in the server error log.


That's what you can do