Дәстүрлі емес діни ағымдардың санының көбеюі адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады.
Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир», «ВКонтакте» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «Инстаграм», «WhatsApp», «TikTok» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтың болдық. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды.
Сенім сергелдеңіне түсіп, түрлі діни ағым, топтардың соныңда адасып жүрген жастар мен олардың қылығы бүгінде қоғамның зардап шегуіне, жаншошырлық жағдайға әкелуде. Әлеуметтік желілердегі дүмше догмаларға сеніп, дәстүрін алға тартқан қазақ арасында дау шығарып, бүлік тудырып жүргендерді де көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр.
Бүгінде ғаламтор желісінде дін насихатшыларының саны артқан, олардың ішінде дұрысы да, бұрысы да бар екенін ескеру қажет. Шет мемлекет азаматтарының діни және саяси насихаттарын тыңдауда сақ болу керек. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағына кеткен содырлардың 80 пайызы шет елдің дін насихатшылары арқылы таралған.
ҚР аумағында уағыздарын тыңдауға тыйым салынған уағыздаушылар: Мамуржан Хайыметов, Октам Абу Абдуджаббаров, Дильмурад Абу Мухаммад, Абу Яхья Крымский, Ринат Абу Мухаммад, Абу Умар Саситлинский, Абдулла Костекский т.б….