• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 5 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ (-3-)

22.04.2024
in Руханият
ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ (-2-)

Бұрынға ата-бабаларымыз ешқашан балаларын рұқсат етілмеген (ұрланған, біреуден зорлықпен тартып алынған, бисмилләһсіз сойылған, белгісіз жақтан келген) тамақпен тамақтандырмаған. Тіпті қасиетті кітап Құран Кәрімнің өзінде Алланың рұқсат еткендерінен жеңдер, тыйым салғандарынан тыйылыңдар делінген. Яғни үнемі адалдан ішіп, адалдан киіну керектігі жайлы айтылған. Оның мәнісі неде? Бойындағы қаны адал адамнан адал қызметкер пайда болады. Егер адамның жүрегінде арамдық болмаса, ол қазіргі адамдар жасап жатқан қиянатшылдық, жемқорлық, өсімқорлық, сыбайластық сияқты әрекеттерден аулақ болады. Осы орайда пайғамбардың (с.а.с.): «Адамның денесінде бір кесек ет бар. Сол ет таза болса, барлық дене таза болады, сол ет ластанса, барлық дене ластанады. Ол – жүрек» деген сөздері есіме келіп отыр. Яғни, адамның адал болуы, адал қызмет етуі осы жүректен бастау алады деп ойлаймын. Сондықтан еліне адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен, олардың жеген тамағы мен сол тамақтың әсерінен жүрекке тигізген пайдасына назар аударумыз қажет сияқты.
Адал қызметкер болу – тек өз ұлтыңды жақсы көріп, соларға адал қызмет көрсету емес. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан, еліміздің дамуы үшін басқа ұлт өкілдері де аянбай еңбек етуде. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне келіп қоныстануына, қазіргі ұрпақ кінәлы емес, ол өткен тарихтың ізі. Бірақ орыс та, ұйғыр да, неміс те қазақ елінінің құдығынан су ішіп отырғандықтан ішкен суына түкірмесі анық. Сондықтан барлық адамзатты бірдей жақсы көруіміз керек. Түптеп келгенде барлығымыз бір Адам атаның ұрпағымыз. Тек қана түріміз бен, тіліміз басқа.
Ойымды қорытындылайтын болсам, адал қызметкер болу үшін соғысқа барып ерлік жасаудың қажеті жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамызша айтсақ: «Барлық халық пен ұлт – барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуі тиіс». Яғни, еліміздегі ұлтаралық достастық, бейбітшілік және келісімнің көрінісі – өз еліңді, жеріңді, сол елде өмір сүріп жатқан адамдар мен жан-жануарларды сүю.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

03.06.2025
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024

ДІНТАНУШЫ МАМАН Д. АМАНОВ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Шымкенттік  50 маман тәлімгер атанды

Шымкенттік 50 маман тәлімгер атанды

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған