• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 1 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ – ЖАН АЗЫҒЫ (-1-)

08.04.2024
in Руханият
ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ – ЖАН АЗЫҒЫ (-1-)

Қасиет – адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адами қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің имандылығымен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Оның бірерін жіпке тізіп көрелік: жылы жүректі, талапты, адал, ізденгіш, терең ойлы, парасатты, инабатты, қайратты, жомарт, кеңпейіл, мейірімді, әдепті, кішіпейіл, ақылды, жүйрік ойлы, зейінді, жанашыр, сенімді, батыл, алғыр, адал, шыншыл, байсалды ойшыл, иманды, қайырымды. Бұлай санамалай берсең адам бойындағы асыл қасиеттер талай жүзге жетер. Ал, топтастырып зерделесек сегіздің арғы не бергі жағында екенін аңғаруға болады. Сондықтан да, казақ атамыз жігіттерін «сегіз қырлы болсын» деп бекерге айтпаса керек. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж.Баласағұни адам Алланың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Алла сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78-аят). Адам бойындағы барлық күшін қоршаған ортадан, алыс-жақын дүниеден алатыны белгілі. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады. Бірақ құдыретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі – түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Рухани бастаулар мен жан әлемінің тылсым дүнелері адам болмысына сәт сайын әсер етіп, ықпал жасайтыны осы заманда айқын сезілуде…

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

03.06.2025
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

30.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

30.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

30.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған