Сондай-ақ кім біреуді өлімнен құтқарып алса, бүкіл адамзатты өлімнен құтқарғандай болады» (Маида сүресі, 32-аят).
Ислам тарихында сондай бір соғыс кезінде де қарттардың, әсіресе әйелдер мен балалардың өміріне қауіп төндіруге жол берілмейді. Бұл туралы бірнеше хадис бар. Төменде осындай бірнеше хадистерді қарастырамыз.
Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.) ұрыстарының бірінде байқаусызда қаза тапқан әйел табылды, содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды».
Діни үкімдерді орындаймыз деп, шектен шығып, бүлікті жиһад деп, халық арасындағы қантөгісті залымдарға қарсы төңкеріс деп, өзі түсінген бұрыс түсінікті Алланың түсірген заңындай қабылдап, өзгелерге сол түсінігін тықпалап, қоғамда бейберекет, хаос орнатуда. Ең сорақысы, олар өздеріне қарсы шыққандарды күпірлікте, екіжүзділікте, бидғатта айыптап, өздерін ғана шынайы Құран мен сүннетті ұстанушы ретінде таныстыруға тырысуда. Олар өздеріне қарсы айтылған уәждерді, шарғи дәлелдерді құлақтарына да қыстырмайды, терең ойланып, ақыл таразысына да салмайды. Пір тұтқан ұстаздарының айтқандарын ақиқат деп, қарсы пікірді қате деп қабылдайтын зомбилерге айналған.
Дәл осы шектен шығушыларға қарама-қарсы тараптағы дінге немқұрайлы қарайтын мұсылмандар да дінге жеткілікті дәрежеде зиянын тигізуде. Тіпті, олардың арасында мұсылмандардың ілгері дамымай қалғанына дінді кінәлайтындары да бар. Өкініштісі сол, олардың арасында, яғни тәфрит жасаушылардың кейбіреулері дінді барлық фитналардың, терроризмнің, лаңкестіктің қозғаушы күші деп түсінеді және түсіндіреді. Олар Алланың Құраны мен сүннеттен келген бұйрықтарын шекесімен тыңдайды не өз ойларына салып, өзіне, нақтырақ айтқанда, өзіне тура келетін қылып бұрмалап алады, не бұрмалап алуға тырысады…