Мешітке келгенде ерлер: дененің үстіңгі жағын және төменгі денесін (кем дегенде тізеден төмен) жабуы керек. Ерлерге арналған қолайлы киім үлгілері – тізеден төмен түсетін шалбар кисе, шортилармен бармағаны абзал. Сонымен қатар жеңі қысқа футболкамен емес, асылы ұзын жеңді көйлек кигені дұрыс. Қарапайым киімнің пайдасына теріге жабысатын киімдерден аулақ болғаны дұрыс. Мешітке кіргенде ұялы байланыс құралдарын дыбыссыз режимге қойса, және ұялы байланыста сәжде қосымшасындағы намазуақытында немесе қоңырауға азан қоймағаны дұрыс, Өйткені дәретханада болған кезінде намаз уақытында не біреу қоңырау шалғанда лас жерлерде азан дауыстары ұялы телефонында қоңырау дыбыстық режимінде тұрады, осындай іс-әрекеттерден аулақ болған дұрыс. Осындай мәселелерді ұл-қыздарымызға ескерткеніміз дұрыс. Кез келген қоғамдық орын сияқты, кез келген тәртіпсіздіктен аулақ болғанымыз сияқты мешітте де осындай тәртіпсіздіктерден аулақ болғанымыз дұрыс.
Қорыта келе ең дұрысы, егер балалар жамағат намазын оқымайтын болса, онда құлшылық ететін жердің түкпірінде немесе мешіт ауласында ойнағандары жөн. Ойнайтын ойындары ұйымдасқан түрде әрі ересектердің бақылауында болғаны абзал. Жоғарыда айтып өткендей, балалар мешітте шулап әрі олардың ойындары намаз оқып жатқан адамдарға кедергі келтірмеуі қажет. Кейбір мұсылмандар балаларын мешітке намазға алып келеді.
Ал жамағат намаз оқуды бастағанда, әлгі балалар сөйлеулерін тоқтатпай, қатарлардың арасында жүгіріп, намаз оқып жатқан жамағатты алаңдатады. Егер бала әкесінің қасында тұрып намаз оқыса, онда, әрине, оны мешітке әкелу керек, ал егер бала намаз оқымайтын болса және басқалардың көңілін бөлсе, онда оны намазға әкелмеген абзал…