• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

АЛАШТЫҢ МУФТИІ –ҒҰМАР ҚАРАШ (-2-)

15.04.2024
in Руханият
АЛАШТЫҢ МУФТИІ –ҒҰМАР ҚАРАШ (-2-)

Ғұмар Қараш діни қызмет атқара жүріп, халықты ағарту, жаңалыққа шақыру үшін үгіт-уағызды қоса жүргізген.
Ғұмар Қараш қазақ халқының саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Бүкіл күш жігерін осы мақсатқа жұмсаған ол «Қазіргі басты мақсат-міндет қазақ балаларын бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, соған оқулық, жабдық жасау қажет. Өнер-білім ана тілінде болу керек. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді»,-деген. Ол қазақ балаларының алдымен, ана тілінде білім алып, ана тілінің ықпалымен азамат болып қалыптасуы қажеттілігін көрсеткен, ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыдан дұрыс деп тапқан.
Орынборда 1910 жылы шыққан «Қарлығаш» жинағындағы өлең толғауларында: «Қаруы бұл заманның – өнер мен ғылым, еш құрал екеуіне қарсы келмес… Өнерлі, ғылымдыны ешкім жеңбес»,-деп өсиет айтқан. Осыған байланысты Ғұмар Қараш ағартушылықтың маңызын былай айқындайды: «Кейбір адамдар Ресейде мешіт, медресе салуға, мешіт ашуға қаржы жұмсайды. Ал оны бітіргенде ғалым не маман шықпайды, көп болса молда болады. Құр тас үйді сала бергеннен гөрі оның ішіндегі адамдарға жақсы тәрбие берген, орта, жоғары білім берген тиімді. Зиялылар неғұрлым көбейе түссе, халықтың көзі ашылып, пайдалы мектептер салынып, газет-журналдар шығарылып, оларды арзан бағамен сатса, елге пайдалы іс болар еді»,-деп халықты білім мен ғылымға шақырған.
Ғұмар Қараш география, құқық, тарих, медицина, химия, инженерия, ауыл шаруашылығы, сауда қисаптары ғылымдарын медресе, оқу орындарында оқытудың маңызы зор екенін насихаттаған. Осы ойларын Ғұмар Қараш «Қазақ» газетіне берген мақалаларында жалғасын тауып, негізгі идеялары халықты өнерге, білімге шақырумен насихатталып отырды…

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

03.06.2025
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ДРОНДАР ШОУЫ ӨТЕДІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ДРОНДАР ШОУЫ ӨТЕДІ

17.06.2025
ҚЫТАЙ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕТІ

ҚЫТАЙ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕТІ

17.06.2025
ТҮРКІСТАНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ – БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған