Елімізде ислам дінін ұстанатын адамдар көп десек те болады. Ислам дінінің ішінде Ханафи мазһабы мен Матуриди сенім мектебін ұстанады. Осы сенім мен таным қауымның дүниеге көзқарасын, мақсат-мұратын, өмір сүру тәсілі мен дағдысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін қалыптастырады. Мұнсыз ел, ұлт, мемлекет жоқ.
Елдік есімізді жиып, халық, ұлт болып қалыптасуымызда жоғарыда айтылғандар айрықша рөл атқарады. Сондықтан Шығыс халықтары мұны ескеріп, рухани байлыққа, таза сенім мен білімге негізделген ұстанымдарға сай құндылықтар жүйесін құрды. Ол Құранда айтылатын ханифтік діндер ұғымына сәйкес келетін көне замандардан жеткен ежелгі ақпараттар қатарында да әуелі Жаратушы Күштің, Құдіретті Алла Тағаланың адамзатқа берген сыйы. Осы арқылы қазақ халқы да әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрі мен діни сенімін анықтаған. Демек, діни ұстаным ел, ұлт болуымызға негізгі жетекші рөл атқарады. Ол жоғары дәрежелі айрықша қалыбы мен мәні өзіне тән сән-салтанаты бар қазақ халқының мәдениетіне айналды. Әр халық солай өсті, осылай жетіліп ел болды.
Қорыта айтқанда, елімізде дін мәселелері күн тәртібіне шығудың себебі, дәстүрлі сенім мен танымды жастардың дұрыс түсінбей басқа ағымдарға еруінде. Басты мәселе сенім мен танымды дұрыс ажырата біліп, осы бағытта жұмыс атқарсақ өзекті мәселелердің шешілетіні ақиқат. Қандайда бір ұлт салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне аса мән берген елдің іргесі берік, болашағы кемел болары анық. Асыл дініміз исламнан бастау алған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтар. Ата-бабаларымыз сан ғасырлардан астам уақыт ұстанып келген сенім мен танымын, салты мен дәстүрін, ұлттық құндылықтарды ұстанатын болсақ ешқандайда дау-дамайдың болмайтынын ақиқат.
Түркістан облысы дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
теолог маманы Б.Абдрахман